Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
    Айғақ MEDIA

    Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.01.2021425 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі мәселелер қаралды. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында агроөнеркәсіп кешені саласы қалай дамығаны туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтып берді.

    Сонымен, министрдің айтуынша, аталған кезеңде жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6%-ға ұлғайып, 6,3 трлн теңгені құрады. «Бұл өсім негізінен өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,8%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», — деп нақтылады ауыл шаруашылығы ведомствосының басшысы.

    Облыстар бөлінісінде 5 облыста: Қостанай – 120,8%, Ақмола – 112,7% Павлодар – 107,5%, Ақтөбе – 106,7% және Қарағанды облысында – 105,7% республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды. Мал шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі көрсетілген кезеңде 3%-ға ұлғайып, 2,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте тірідей салмақтағы ет өндіру көлемі 4,1%-ға, сүт 3,2%-ға ұлғайды.  Көрсетілген мерзімде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 4%-ға өсіп, 1,9 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, сары майды өндіру көлемінің 26,5%-ға, өңделген күріштің 20,1%-ға, шұжық өнімдерінің 8,2%-ға, макаронның 6,3%-ға, өнделген сүттің 4,9%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 4,8%-ға, ірімшік және сүзбенің 4,5%-ға, ұнның 1,6%-ға артқаны байқалды. 2020 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 15%-ға ұлғайып, 573,2 млрд теңгені, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 13,5%-ға артып, 104 млрд теңгені құрады.

    «Саланың бұл өсімі негізінен фермерлердің үйлесімді жұмысының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кедергісіз қозғалуын, ЖЖМ, қосалқы бөлшектерді, тұқымдарды, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізуді қамтамасыз етуден тұратын COVID-19 пандемиясы жағдайында егіс жұмыстарын жүргізуге арналған Үкіметтің дер кезінде қабылдаған жұмыс алгоритмінің арқасында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде егіс жұмыстары сапалы және ауыл шаруашылығына оңтайлы мерзімдерде жүргізілді», — деді С. Омаров.

    Дереккөз: primeminister.kz сайтынан 

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.