• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев

12.01.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму және 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралды. Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады. Ұлттық Банк басшысының айтуынша, COVID-19-бен сырқаттанушылардың рекордтық санына қарамастан, 2020 жылғы желтоқсанда әлемдік нарықтарда жағымды жаңалықтар басым болды.

«Дамыған және ірі елдерде жаппай вакцинацияның басталуы экономикалық белсенділіктің қалпына келу болжамын жақсартып, нарықтар үшін оң белгі болды. $900 млрд сомасына Америка экономикасын ынталандырудың қосымша топтамасын қабылдау қор және тауар нарықтарына айтарлықтай қолдау көрсетті», — деді Е. Досаев. Негізгі қор индекстері жылды айтарлықтай өсумен аяқтады. S&P 500 кең индексі 2020 жылғы желтоқсанда 3,7%, Dow Jones индустриялық индексі 3,3%, NASDAQ жоғары технологиялық индексі 5,1% қосты. Осының аясында АҚШ долларының индексі төмендеу үрдісін көрсетті, алтынның құны бір айда бір унция үшін 6,6%-ға $1893,1 дейін өсті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, 2021 жылы қалпына келу қарқынына қатысты белгісіздік Еуропаның ең ірі экономикасы — Германияда тіркелген науқастар мен өлім-жітімнің рекордтық саны, сондай-ақ ағымдағы жылғы қаңтарда басқа континенттерге таралған Ұлыбританияда тіркелген вирустың жаңа штаммы аясында сақталуда. Бұл шектеу шараларын күшейтуге алып келді, бұл әлемдік экономиканың қалпына келуіне қауіп төндіреді. «Global Composite PMI индексі 2020 жылғы желтоқсанда қарашадағы 53,1 тармақтан 52,7 тармаққа дейін төмендеді. Шектеу шараларына қарамастан, Еуроодақтағы іскерлік белсенділік индексі желтоқсанда 45,3-тен 49,1-ке дейін өсті. Сонымен қатар, Қытай өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі өндіріс өсуінің баяулауына байланысты бір айда 54,9-дан 53-ке дейін төмендеді», — деді Е. Досаев.

Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің шоғырландырылған индексі 2020 жылғы желтоқсанда көбінесе құрылыстағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі есебінен 49,4-тен 49-ға дейін төмендеді, онда көрсеткіш 52,5-тен 49,5-ке дейін қысқарды. Қызмет көрсету саласында 0,7 тармаққа 48-ге дейін төмендеу байқалуда. Сонымен қатар, өнеркәсіп 2020 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет оң көрсеткішке жетті, индекс 49,6-дан 50,3-ке дейін көтерілді. 2020 жылы Қазақстан экономикасының 2,6%-ға жалпы төмендеуі Ұлттық Банктің 2,5-2,7% деңгейіндегі болжамдарына сәйкес келеді. Жылдық инфляция да бір ай бұрынғы 7,3%-бен салыстырғанда 2020 жылдың соңында 7,5%-ға дейін жылдамдап, Ұлттық Банктің 7,0-7,5% деңгейінде күтулеріне сәйкес қалыптасты. Бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес азық-түлік инфляциясы қосуда. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі нарықтарда жекелеген тамақ өнімдерінің (өсімдік майы, қант, жұмыртқа) теңгерімсіздігі күшейгеннен 10,8%-дан 11,3%-ға дейін ұлғайды. Азық-түлікке жатпайтын инфляция киім мен аяқ киім бағасының 4,8%-ға (қарашада — 5,2%) дейін өсуінің баяулауы аясында 5,7%-дан 5,5%-ға дейін баяулады.

Ақылы қызмет инфляциясы қоғамдық тамақтану қызметі мен қонақ үйде қызмет көрсету бағасының өсуіне байланысты 4,1%-дан 4,2%-ға дейін жеделдеді. 2020 жылғы желтоқсанда мұнай бағасы өсуі және экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы есебінен өскен ішкі ұсыныспен қатар тәуекелді активтерге сұраныстың артуы теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 1,0%-ға нығаюына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, 2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар инвесторлардың тәуекел активтерінен шығуына әкелген коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді. Мәселен, Бразилия реалы 29,0%-ға, түрік лирасы 25,0%-ға, ал Ресей рублі 19,3%-ға әлсіреді. 2020 жылы теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10%-ға әлсіреді.  Е. Досаев атап өткендей, сыртқы жағдайлардың жақсаруына байланысты және Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып қабылдаған шаралар кешенінің арқасында теңгенің айырбастау бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып жылды жапты.

Ағымдағы жылғы 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбастау бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды. Тауар экспорты мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты 18,2%-ға немесе $35,3 млрд дейін $7,9 млрд-қа қысқарды. Тауар импорты инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруы нәтижесінде 9,6%-ға немесе $26,4 млрд дейін $2,8 млрд-қа қысқарды.   «Алтын бағасының өсуі нәтижесінде алтын портфелінің бір жылда $4,7 млрд-қа $23,6 млрд дейін өсуі есебінен алтынвалюта резервтері 2020 жылғы 31 желтоқсанда алдын ала деректер бойынша $6,7 млрд ұлғайып, $35,7 млрд болды.

Алтын-валюта резервтері құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер Қарашығанақ консорциумынан өтемақы шеңберінде қаражат әкелінуі, Азия Даму Банкінің қарызы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық Банктегі валюталық шоттарға әкелінуі есебінен $2 млрд-қа өсті», — деді Е. Досаев.

Ұлттық қордың активтері дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір жыл ішінде $3,1 млрд төмендеп, $58,7 млрд құрады. Нарықтық құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалды және $4,1 млрд немесе 7,5% құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылғы қарашаның соңында негізінен теңгемен салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 15,3%-ға ұлғайып, 21,9 трлн теңге болды.

Ұлттық валютамен салымдар 13,3 трлн теңгеге дейін 23,1%-ға, валютамен салымдар 2020 жылғы қарашаның соңында 8,6 трлн теңгені құрап, 5,1%-ға өсті. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылғы қарашада 39,3%-ға дейін төмендеді.   Экономикаға кредиттер 2020 жылдың басынан бері ұзақ мерзімді кредиттердің өсуі нәтижесінде 2020 жылғы қарашаның соңында 14,65 трлн теңгеге дейін 5,6%-ға ұлғайды.

Қысқа мерзімді кредиттер 2,1 трлн теңгеге дейін 3%-ға немесе 60,5 млрд теңгеге ұлғайды.  Бизнестің кредиттік портфелі 2020 жылдың басынан бері 7,29 трлн. теңгеге дейін 1,2%-ға ұлғайды. Бизнестің теңгемен кредиттері бойынша ставка 2020 жылғы қарашада 11,9%, оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11,6%, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша – 13,1% болды.  2020 жылдың басынан бастап халықтың кредиттері 7,36 трлн теңгеге дейін 10,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыздар 4,3 трлн теңгеге дейін 3,2%-ға, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыздар 2,3 трлн теңгеге дейін 27,8%-ға өсті.

Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.

1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1 трлн теңге сомасына 1 373 өтінім келіп түсті, оның ішінде банктер жалпы сомасы 658,9 млрд теңгеге 854 өтінімді мақұлдады, 516,2 млрд теңге сомасына 778 қарыз берілді.

2. Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсанда кәсіпкерлер 612,5 млрд теңгеге 2 493 өтінім берді, оның ішінде 474,6 млрд теңгеге 1 733 өтінім мақұлданды, 528 млрд теңгеге 5 158 қарыз берілді, оның ішінде 136 млрд теңгеге 2 454  қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.

Ұлттық Банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда.

1. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 567,3 млрд теңгеге 48 355 өтінім қабылданды, 326,2 млрд теңгеге 27 700 өтінім мақұлданды, оның ішінде 258,7 млрд теңге сомасына 22 169 қарыз берілді.

2. «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсанда 868,6 млрд теңгеге 95 719 өтінім қабылданды, 457,4 млрд теңгеге 50 939 өтінім мақұлданды, 370,1 млрд теңгеге 42 166 қарыз берілді.

Дереккөз: primeminister.kz сайтынан 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.