Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
    Айғақ MEDIA

    Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.11.2020207 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды-, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

    Энергетика министрі Н. Ноғаев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов баяндама жасады. Қазақстанда әлемдік энергетика нарығындағы секілді энергия тасымалдаушылардың басқа түрлерін өндіру мен тұтынуға қарағанда газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Биыл ҚР-да газ тұтыну 16,5 млрд м³ дейін өседі деп күтілуде (2019 жылы тұтыну көлемі 16,3 млрд м³ құрады). Ең алдымен, бұл электр энергиясын өндіру үшін 50% газ, коммуналдық-тұрмыстық секторға 36%, өнеркәсіпке 14% пайдаланатын тұтынушылар санының артуына байланысты. Осы жылдың қорытындысы бойынша ҚР халқын газдандыру көрсеткіші 53% деңгейінде жоспарланған, 9,8 млн адам табиғи газға қол жеткізе алатын болады. 2025 жылы газдандыру деңгейі 2120 елді мекенді немесе 11,7 млн тұрғынды қосумен 60%-ға жетеді. Бұған «Сарыарқа» жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру, Шығыс Қазақстанды газдандыру, сондай-ақ өңірлік желілерді кеңейту және реконструкциялау ықпал ететін болады. Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ҚР газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды. Солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында Премьер-Министр 2021 жылғы 1 наурызға дейін «Сарыарқа» газ құбыры жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді жаңартып, барлық сараптамаларды алуды тапсырды. Сондай-ақ 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындау қажеттілігі атап өтілді. Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкімдіктеріне газбен жабдықтау объектілеріндегі ақауларды жою және оларды кейіннен пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру үшін жергілікті бюджеттерден қажетті қаражатты қарастыру тапсырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.