Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
    Айғақ MEDIA

    Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.11.2020445 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен ӨР Премьер-Министрі Абдулла Арипов Түркістан қаласында кездесу өткізді.  Үкімет басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, көлік-логистикалық, кедендік ынтымақтастық, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен өңіраралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР мен ӨР арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі практикалық шаралар жоспарын іске асыру, аймақтық тауар өткізу жүйесін, Қазақстан – Өзбекстан шекарасында Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру, шекара маңы өткізу бекеттерін жаңғырту және т. б. мәселелерге ерекше назар аударылды.

    Өзбекстан — Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда серіктесі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 21,2%-ға – $4,5 млрд-қа дейін өсті. Тараптар тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуді көздеп отыр. Үкімет басшылары Түркістан қаласында тоқыма бұйымдарын өндіретін  «Turkistan Textile» қазақстандық-өзбек бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысты. Тігін фабрикасы «Turkistan» индустриялық аймағында 2 га аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі – 700 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты – айына 13 мың тоқыма бұйымдары. Кәсіпорын әйелдер үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

    А. Мамин А. Ариповты Түркістан қаласының әлеуметтік, спорт, көлік және туристік инфрақұрылымының жаңа нысандарымен – халықаралық әуежай, конгресс-холл, «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Түркістан Арена» стадионы, Оқушылар сарайы, «Rixos Turkestan» қонақ үйімен, сондай-ақ «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің және 5 мың орындық мешіттің салыну барысымен таныстырды. Үкімет басшылары Қ. А. Яссауи кесенесіне, «Әзірет-Сұлтан» мәдени-тарихи музейіне барып, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Дереккөз: primeminister.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.