Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында арыз-шағымды қараудың жаңа форматы бекітілді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында арыз-шағымды қараудың жаңа форматы бекітілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.11.20201 241 Views

    Биыл 10 айдың қорытындысымен облыс көлемінде өтініштер саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға төмендеген. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік органдармен азаматтардың өзара іс-қимылына қатысты өзекті мәселелер Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбековтің төрағалығымен өткен мәжіліс барысында талқыланды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Өтініштердің басым көпшілігі Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш және Мақтаарал аудандарынан түскен. Негізгі мәселе жер, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен білім және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты болып отыр. Барлық арыз-шағым заң шеңберінде қарастырылып, тиісті шешімдер қабылданған.

    Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі бекітіліп, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Өтініштерді қараудың жаңа форматына көшу мақсатында облыста арнайы  жоспар-кестесі бекітілді.

    «Жаңа форматта өтініштерді қабылдау, тіркеу, жолдау сияқты әдеттегі құжат айналымын қамтамасыз ету ғана емес, аудан, қала, ауыл әкімдерінің өтініштерді қарау бойынша жұмыстарын үйлестіріп, бақылау жасау басты міндет ретінде жүктеледі. Бұл өз кезегінде әкімдердің міндеттерінің ауқымы кеңеюіне және жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енуіне байланысты қызметкерлердің жауапкершілігін арттырмақ», — деді аппарат басшысы Әуелхан Тұрғымбеков.

    ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасының бастығы Өркен Сейітов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Түркістан облысы бойынша депаратаментінің басшысы Айбек Шілманов, Түркістан облысы азаматтық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Клара Жаппасова және облыс әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы Қуат Сыздықов баяндама жасады. Өтініштер бойынша өзекті мәселелер талқыланып,алдағы жұмысты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.