Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты
    Әлеумет

    Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.09.2020924 Views

    World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті.

    Дүниежүзілік акцияның мақсаты — экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімі аппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді.Сондақ-ақ, шаһар басшысы дендрологиялық саябақтағы тұқым бағын аралап, отырғызылған көшеттерді көрді.

    Биыл саябаққа гендік қорды көбейту үшін жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен жаңа көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта отырғызылған болатын. Ал тұқымбақта 62 ағаш түрлерінен 8469 түп көшет өсірілуде.

    Одан өзге сенбілік кезінде құрылымдық басқармалар мен аумақтық органдар қала көшелерінде, жергілікті аудан әкімдері коммерциялық нысан қызметкерлерінің, кәсіпорын ұжымдарының, ауыл билері мен кондоминиум нысандарының төрағаларын тарта отырып тұрғын үй аулаларының тазалау жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар, Еріктілер жылына орай акцияның өтуіне 100 -ге жуық қалалық жастар орталығының мамандары мен жастар ұйымдарының белсенділері ат салысты. Олар Шымкент қаласы бойынша экология департаменті қызметкерлерімен бірге Бадам өзені аумақтарын тазалап, қоқыстарды түріне қарай бөлек жинады.

    Іс-шараға жалпы 30 000-нан астам адам қатысып, 60-қа жуық қоқыс тасымалдайтын және артатын техникалар жұмылдырылды.

    Қалалық қоқыс полигонына 220 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

    Айта кету керек, барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.