Елорда күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында 9 инвестициялық өндіріс орны іске қосылды-, деп хабарлайды Айғақ-ақпарат тілшісі.
Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысты. 140 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Жалпы соммасы 2,5 млрд теңгені құрайтын жобалар ішіне кіретіндер:
«Qagaz Ordasy» ЖШС-нің А4, А3, А2 форматтағы қағаз өндіру фабрикасы;
«NURTAU distribution company» ЖШС-нің шоколадты кәмпит және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика құрылысы;
«PROF AKS» ЖШС-нің шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялық жақтаулар өндірісі;
«NEW TECHNOLOGY» ЖШС-нің дизельдік генератор зауытының құрылысы;
«Арман Агро» шаруа қожалығының көлемі 3,7 гектар өндірістік жылыжайы;
«ЗӘУРЕ» шаруа қожалығының көлемі 3 гектар жылыжай кешені;
«Керемет Сапа» ЖШС-нің интенсивті алма бағы;
«ККК» ЖШС-нің құс фермасы;
«Нормухамедов» жеке кәсіпкерлігінің бал өндіру ісі;
Онлайн жиында қала әкімі барлық қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен бірге карантин шараларын қатаң сақтап, денсаулықтарын күтуге шақырды.