Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округінде әлеуметтік аз қамтылған бірнеше отбасыға көмек көрсетілді. Атап айтар болсақ, азық-түліктер мен керекті заттар толтырылған себеттер көмекке мұқтаж және көпбалалы жанұяларға табысталды.
Әлемді шарпыған індетке байланысты елімізде карантин тәртібі әлі де өз күшін жойған жоқ. Керісінше, жеңілдетілген режим қайта күшейіп келеді. Оған себеп жұқпалы вирустың халықты кеңінен жайпауы. Осыған байланысты мемлекет тарапынан тұрғындарға түрлі деңгейдегі көмек көрсетіліп жатыр. Соның бірі әлеуметтік себеттер. Мұқтаж отбасыларға тиесілі пакеттер Бөржар ауылдық округінің бірқатар азаматтарына да берілді.
Қайырымдылық себеттерінің таратылып жатқанына осымен екінші күн. Қысыл-таяң шақта көмекке зәру жандарға жәрдемдесу – әрбір ел азаматының парызы. Дана халқымыздың нақыл сөздеріндегідей жақсылықтың үлкені мен кішісі болмайды.