Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 1 маусым күні карантин режимінің өзгерістері жайында қаулы шығарды. Аталған қаулыдан соң әлеуметтік желіде «бұл қаулы жалған» деген ақпарат тарады. Алайда, Шымкенттің Бас мемлекеттік санитар-дәрігері желідегі ақпаратты жоққа шығарып, 1 маусымда шыққан қаулыны растады. Бұл жөнінде БАҚ өкілдеріне өткізген арнайы брифинг барысында айтты. Яғни, ресми қаулыдағы барлық өзгерістер орындалады және қатаңдатылған карантин 20-шілдіге дейін созылды. Сондай-ақ, бас санитар-дәрігердің айтуы бойынша алдағы уақытта карантин режиміне қатысты тағы да өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ, карантин талаптары күшейтілмесе жеңілдетілмейтінін кесіп айтты.