Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Ауруханалардағы 9 мың орынның 25 пайызы бос
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Ауруханалардағы 9 мың орынның 25 пайызы бос

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.06.2020477 Views

    Түркістан облысындағы аурухаларда жалпы саны 9 мың төсек-орын бар. Оның бүгінгі таңда 25 пайызы бос тұр. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Фейсбук әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде мәлімдеді.

    Сондай-ақ, Сәкен Амангелдіұлы, облыстағы провизорлық орындардың 15 пайызы бос екендігін және Түркістан облысындағы 300 провизорлық орын көмек ретінде Шымкент қаласындағы науқастарға берілгендігін айтты.
    «Өңірдегі 124 жедел жәрдем көлігінің 85-і ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр. Ал жалпы ауруханаларда 178 ИВЛ аппараты бар. Бұдан бөлек, 10 компьютерлік томография жұмыс істеп тұр. Ал облыс орталығында 440 провизорлық орын бар. Коронавирус індеті анықталған науқастар Кентау қаласына 80 орындық инфекциялық ауруханаға жатқызылуда.Түркістан облысында бүгінгі таңда 1974 адам пневмония дертіне шалдыққан, оның 1677-сі орта деңгейде», — деді облыс әкімінің орынбасары.
    Сонымен қатар, тікелей эфирде бірнеше сауалдарға жауаптар берілді.
    «Ауруханаларға орын жоқ, дәрі-дәрмек тапшы деген мәселелер туындаса, 109 call-орталығына қоңырау шалып, нақты жауап алуға болады. Айта кетерлігі, ауруханаларда дәрі тапшылығы жоқ, тек жекеменшік дәріханаларда аталған мәселе орын алуда. Бұл апта соңына дейін шешімін табатын болады. Облыста дәрі қоры күнделікті толықтырылуда. Өйткені, тұрғындар жаппай дәрі-дәрмекті көптеп сатып алып жатыр. Сондай-ақ, шалғайдағы ауылдарда жедел-жәрдем шақырту мәселесі шешілген. Ауылдық не аудандық бөлімшелеріндегі мамандар 30 минутқа жетуіне мүмкіндік бар», — деді.

    Түркістан облысының өңірлік коммуникация қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.