Әл-Фараби ауданында жаппай дезинфекциялау жұмыстары қарқынды. Залалсыздандыру шаралары аудан әкімінің жіті назарында. Арнайы жұмылдырылған мамандар қала тұрғындары көп жиналатын орындарды таңғы сағат 06:00-ден бастап дезинфекциялауда.
Әл-Фараби ауданында коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында, әкімшілік тарапынан қарастырылған мамандар залалсыздандыру жұмыстарын сағат 06:00- ден бастап кетті. Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс және 400 ойын алаңдары бар. Қазіргі таңда, басты көшелер, саябақтар, скверлер мен аялдамалар, сонымен қатар, адам көп шоғырланатын орындарда дезинфекциялық алдын алу шаралары қолға алынуда.
Күнделікті залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес әкімшілік тарапынан бөлінген мамандар жүргізуде. Аудан аумағын тазалау барысында арнайы қоспамен жуу үшін техникалар жұмылдырылып, дезинфекция жұмыстары жаяу және көліктердің көмегімен іске асырылуда. Жұмысқа жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюммен қамтамасыз етілген.