• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қырыққабат дауы: Түркістан әкімдігі Терещенконың мәлімдемесіне жауап берді

Түркістан облысындағы 300 мың тонна қырыққабат шын мәнінде қайда кетті

22.05.2020
0

Естеріңізге сала кетейік, 21 мамыр күні Қазақстан Баспасөз клубының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде онлайн-брифинг өткен болатын.

Тікелей эфирде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесшісі Ербол Есенеев, «Shopanata» ұлттық қой шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев және Қазақстанның алғашқы премьер-министрі, қазір омарташылар одағының төрағасы болып отырған Сергей Терещенколар пікір білдірген еді.

Сергей Терещенко өз сөзінде «Төтенше жағдай кезінде бұзылып кеткен 300 мың тонна қырыққабатты көму үшін Үкімет 2 млрд теңге жұмсады» деген мәлімдеме жасаған еді. Azattyq Rýhy тілшісі экс-премьердің мәлімдемесіне қатысты материал әзірлеп, оқырманға ақпарат ұсынған болатын.

Бүгін Қазақстанның баспасөз клубы Сергей Терещенконың атынан кешірім сұрап, спикер тікелей эфирде валюта атауынан жаңылысқанын айтты. Дәлірек айтсақ, Үкімет 300 мың тонна қырыққабатты көму үшін 2 млрд доллар емес, 2 млрд теңге жұмсалғаны хабарланып отыр.

Azattyq Rýhy бұл мәселеге қатысты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атына ресми сауал жолдаған. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы хатымызға жедел жауап беріп, мән-жайды баяндады.

Әкімдіктің ресми жауабына сенсек, әлгі 300 мың тонна қырыққабат түгел бүлініп кетпеген және Үкіметтен расымен де 2 млрд теңгеге таяу қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ, ауыл шаруашылығы басқармасы ол қаражат кішкене басқа мақсатқа жұмсалмақ дейді.

«Түркістан облысында ағымдағы жылы 8 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат дақылы егіліп, 300 мың тонна өнім жиналды. Бүгінгі таңда 150 мың тонна қырыққабат сатылды», — деп хабарлайды басқарма.

Басқарманың хабарлауынша, 150 мың тонна өнімнің 104 мың тоннасы ішкі нарыққа сатылса, 46 мың тонна қырыққабат Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспортталған.

«Ал, қалған 150  мың тонна қырыққабатты Қазақстан Үкіметінің тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың тұрақтандыру қорлары арқылы сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар, қырыққабат еккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге екінші өнім егу үшін 0,01% несие беру мақсатында, Үкіметтік Қордан 1 600,0  млн теңге (1,6 млрд теңге – авт.) қаржы бөлу қарастырылуда», — деп хабарлап отыр Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Осылайша, Бадырақов тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш премьер-министр болған Сергей Терещенконың  «Түркістан облысында бұзылып кеттен 300, мың тонна қырыққабатты көму үшін үкімет 2 млрд АҚШ долларын жұмсады» деген мәлімдемесі жалған екендігін және ҚР Үкіметі тарапынан қаржы бөлінбегендігін» хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақ шаруалары 250 мың тонна орамжапырақты өткізе алмай отырғанын айтып, көмек сұраған.

azattyq-ruhy.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

Айғақ медиа
20.05.2026
0

Шымкентте тек Түркия мен Кореяда жасалатын күрделі оталар тегін жасалып жатыр. Бұл — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүзеге асуда....

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

АУДАНДА 41 КӨШЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

 Әл-Фараби ауданы әкімдігі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алғашқы бес айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бүгінде аудан аумағында 17 шағын аудан мен...

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Шымкент қаласында ағымдағы жылы аудитпен қамтылған қаржы көлемі шамамен 45 миллиард теңгені құраған. Есепті кезеңде департамент тарапынан жалпы саны 19...

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Ұлы отан соғысының тыл ардагері Өркен Әбдіреевке құрмет көрсетті. Еңбегі ерен азамат арнайы мектеп...

ОНКОУРОЛОГИЯДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОНКОУРОЛОГИЯДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Елімізде онкоурология дертімен ауыратын 245 мың науқас тіркелген. Осыған байланысты республикадағы жетекші дәрігерлер Шымкентте бас қосты. Конференция «Онкоурология 2026: теориядан...

ШЫҒЫС БЕЙНЕСІНІҢ КӨРМЕС

ШЫҒЫС БЕЙНЕСІНІҢ КӨРМЕС

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Шымкент қаласында алғаш рет «Шығыс Қазақстан бейнелері» атты суретшілер көрмесі өтті. Көрмеге аймақтың тұмса табиғаты мен шығыс өркениетінің көркем келбетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.