Шымкент қаласында 2020 жылғы 9 сәуірге коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа 7 азамат тіркелді: оның ішінде 3 жағдай 8 сәуір күні, 4 жағдай 9 сәуір күні анықталды.
Бұл науқастардың барлығы індет анықталған 48 жасар азаматша және 26 жасар азаматпен тығыз байланыста болған тұлғалар. Бұл адамдардың барлығы стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауына алынған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден вирус сынамасы оң нәтиже көрсеткен.Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық , барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде. Ауруға шалдыққан науқастардың жас аралығы: 2 және 14 жастағы 2 бала. 20 мен 55 жас аралығындағы 5 ересек азаматтар. Науқастармен байланыста болған- 81 азамат анықталып отыр.