Шымкен қаласында 1 сәуір күні тағы бір коронавирус жағдайы тіркелді. Індет «Самал 1» шағын ауданының 51 жастағы тұрғынынан анықталған. Алайда, ол азамат жақын арада коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерге шықпаған. Науқас бүгінде Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, ем қабылдауда. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ Әбдіманап Төлебаев мәлімдеді. Қазіргі уақытта науқаспен қарым қатынаста болған 78 адам анықталып оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...










