Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Түркістан облысы: Бірлік пен ынтымақ баршамызды биікке жетелейді
    Әлеумет

    Түркістан облысы: Бірлік пен ынтымақ баршамызды биікке жетелейді

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.02.2020599 Views

    Ақпанның 7-күні Жамбыл облысы, Қордай ауданында орын алған тұрғындардың арасындағы жаппай төбелес соңы, елдік мәселеге айналып, халықты бір дүрліктірді. Құзырлы орган қызметкерлерінің күшімен ауылдағы төбелес тоқтатылып, жағдайды Мемлекет басшысы өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
    Қордайдағы қақтығыс 10 адамның өмірін қиды, 40 – тан астам адамның жарақат алып, бірнеше тұрғын үй мен сауда нысандарының өртенуіне алып келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды, жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
    «Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – біздің мемлекетіміздің берік негізі. Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған. Сондықтан біз кейбір азаматтарға, соның ішінде арандатушыларға еліміздің басты құндылығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз. Бұл еліміздегі барша азаматтарға ортақ тілек деп санаймын. Азаматтарды жалған қауесеттерге бой алдырмауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысында құқық қорғау органдарына көмек беруге шақырамын. Мемлекеттік органдар туындаған мәселелерді шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», деді Президент.
    Ел ішіндегі алыпқашпа әңгімелердің көбеюі мемлекетіміздің мәңгілік Стратегиясы бірлік бен ынтымаққа нұқсан келтіріп, қоғам тұрақтылығына зиянын тигізуі мүмкін.
    Осы тұста, барша азаматтардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді, қауасеттер мен түрлі жалған ақпараттарды таратпауды, объективті болуға шақырамыз. Өйткені, өтірік-расы беймәлім түрлі ақпараттар мен бейнежазбаларды тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.
    Ата-бабалар аманатына адалдық – перзенттік парыз. Әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Абай данышпандардың ілімдері, данагөй үш бидің үлгілері, өркениеттегі қазақы көркемниет көк туымызды желбіретіп, Тәуелсіздікті мәңгілік ете бергей.
    Бірлігі бекем елдің бағындырар белесі биікте болады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.