Облыстың орталығы, еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласын дамыту жұмыстарының ең негізгісі — туризм саласын дамыту. Оның ішінде сыртқы және ішкі туризм саласы бар.
Түркі әлемінің бесігі атанған Түркістанға туристерді тарту үшін, алдымен қаланы гүлдендіруіміз керек. Осы тақырып аясында 2019 жылы ауқымды құрылыстар жүргізілді. Мәселен, рухани-мәдени орталықта 5 нысан пайдалануға берілді. Алдағы 2020-жылдың жоспарында тағы да бірнеше рухани құрылыстың ашылуы болмақ.