Шымкент қаласының әкіміне қойылып жатқан сұрақтардың бірі денсаулық пен білім саласына қатысты. Қос салада ақсап жатқан мәселе өте көп. Ашуға булыққан тұрғындар тіпті микрафонға таласып, бір-біріне мүмкіндік бермей кетті. Соңында микрофонды өшіріп тастауға тура келді. Бірақ, бұған кейбір тұрғындар көне қоймады. «Дауысын шығар» деп айқайға басып, мәселеден шаршағандар тұрып алды. Әкім Мұрат Әйтенов мінберде тұрып, халықты сабырлыққа шақыруға тырысты. Тіпті ел ағалары мен аналары бүгін «қасиетті жұма» екенін еске салды. Жиын соңында ұзын-сонар кезекте тұрған тұрғындардың легі таусылмасын білген әкім қабылдауға шақырды. Көрме орталығында сағат 15:00 бастап, таңға дейін сұрақтарыңызды тыңдаймын,- деп қабылдауға кетті.