Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан облысында әлеуметтік нысандар 100 пайыз жылуға қосылған
    Айғақ TV

    Түркістан облысында әлеуметтік нысандар 100 пайыз жылуға қосылған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.11.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалық етуімен өткен жиында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы мен облыс бюджетін игеру, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны көгалдандыру секілді бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

    Биылғы жылыту маусымы Түркістан облысында талапқа сай өтуде. Жалпы, облыс бойынша 2748 бюджеттік мекемелер толық, яғни, 100%  жылуға қосылған. Оның ішінде Білім саласы – 1280 нысан, Денсаулық саласы – 755, Әлеуметтік салалар – 713 нысан, яғни, толықтай жылумен қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 547 көпқабатты тұрғын үйлерге толық температуралық кестеге сәйкес жылу берілуде. Бюджеттік мекемелердің сұйық отынға, мазут пен көмірге қажеттілігі де қамтамасыз етілген. Тұрғындардың көмірге қажеттілігін (901,9 мың тонна) тасымалдау күнделікті жалғасуда. Жылу беру маусымының өту барысына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізіліп, бақылауға алынған.

    Түркістан облысын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі де қарқынды жүруде. Бүгінде 48 елді – мекенге газ жүргізу жұмыстары жүріп жатыр.

    Сондай-ақ, отырыс барысында облыстық бюджеттің тиімді игерілуінің қатаң бақылауда екені ескертілді. Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

    «Аумақта айналаны күл-қоқыстан тазарту мәселесін шешу керек. Апта сайын өтіп жатқан жалпыхалықтық сенбікке мемлекеттік қызметкерлермен бірге жергілікті тұрғындардың да атсалысқаны дұрыс. Өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту үшін нақты жоспар бойынша жұмыс жасалсын. Егілген көшеттердің сапасы, оларды суару, баптау мәселесі қадағалансын. Облыстық бюджетті тиімді игеруді тапсырамын. Бұл мәселе қатаң бақылауда»,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов аппарат мәжілісінде.

    Сонымен қатар, облыс басшылығы жылыту маусымы барысында Түркістан облысы бойынша жеке сектордағы өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды тапсырды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.