Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«Smart Shymkent даму» форумы өтуде
    Айғақ MEDIA

    «Smart Shymkent даму» форумы өтуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.11.2019344 Views

    «Smart Shymkent даму» форумы — еліміздің үшінші мегаполисін цифрландыру мәселесіне арналып отыр. Аталмыш жиында қазіргі заманға ақпараттық технологиялардың жетістіктерін мемлекеттік органдар жүйесіне, көрсетілетін қызметтер саласына ендірудің жолдары мен тәртібі талқыланады деп күтілуде.

    «Smart Shymkent даму» форумында Қытай, Германия, Белоруссия мен Эстония елдерінен келген спикерлер IT-технология саласында өз ойларымен бөліседі. Бұдан басқа, аталмыш шарада озық технологиялардың жетістіктерін мемлекеттік органдар жүйесіне, көрсетілетін қызметтер саласына ендірудің жолдары мен тәртібі талқыланбақ.

    Форумға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов пен Қазақстандық IT-қауымдастық өкілдері, Түркістан облысы мен қалалық жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ЖОО-ның басшылары қатысуда.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Бүгінде мегпаолисте сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелі ең жоғары салалар мен әлеуметтік маңызды қызметтер болып есептелетін білім, денсаулық сақтау және сәулет, қала құрылысы салаларының қызметтері автоматтандырылған.


    Қазір әрбір ата-ананың балабақшаның, мектептің қазіргі жағдайын ақпараттық жүйеден көре алу және электронды түрде өтініш жолдау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кез келген тұрғын дәрігердің жұмыс кестесін ақпараттық жүйе арқылы көріп, оның бос уақытына сәйкес алдын ала жазылуына болады. Шымкент қаласында бұл жүйе қазіргі таңда толық жұмыс жасап тұр.
    Форум барысында осы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың жолдары мен тетіктері нақты талқыланып, қорытындысы бойынша шешу жолдары ұсынылатын болады. Сонымен қатар форумда Шымкент қаласын цифрландыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты жүзеге асырылатын жаңа жобалардың таныстырылымы өтеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.