Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «OPEN SPACE» үлгісіндегі Қоғамдық қабылдау кеңсесінде Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Балабиев Қайрат Рахымұлы мен «Nur Otan» Партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев өңір тұрғындарының арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға барлығы 8 тұрғын келді. Олардың бірі қала шетіндегі ауыз су мен газ мәселесін көтерсе, енді бірі — тұрғын үй кезегін жылдамдатқысы келеді.
Дәл осы жерде көтерілген мәселе айтылған жерде уәде болып қалмады. Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен «Nur Otan» Партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев көмек сұрап келген екі бірдей көпбалалы ананың үйіне барып, қазіргі жағдайларымен танысты.
Алғашқысы Арайлым Жайынбаева — 4 баланың анасы, өзі де күйеуі де тұл жетім. Үй кезегінде 164 болып тұр. Жақын уақытта баспаналы болады десек те, қазыргі тұрып жатқан үйін жалға алып тұрады. Жалдамалы пәтердің ақысын үй иесі күрт жоғарылатқан. Атаулы әлеуметтік көмектен де қағылып отырмын дейді ана. Бұл мәселені Қайрат Балабиев өз бақылауыма аламын деп мәселені шешті.