Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Назарбаев Қазақстанның ең қазақи қаласын атады
    Айғақ MEDIA

    Назарбаев Қазақстанның ең қазақи қаласын атады

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.10.2019259 Views

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында елдің ең қазақи қаласын атады

    Тұңғыш Президенттің айтуынша, елорданы Алатаудың баурайынан арқаның төсіне алып келу оңай шаруа болған жоқ. Бірақ оны көрші елдер үлгі тұтып отыр. «Еш мемлекет оны жасаған жоқ. Моңғолдың премьер-министрімен таяуда кездестім, олар да қала салайын деп жатыр. Біздің тәжірибені үйренгісі келеді. Оған қарсы болған адамдар да болды, сенбейтін адамдар болды, үкіметтен қалай бұл қаланы саласың, Алматыдан су шықты ма деген көп әңгіме естідім. Бұл геосаясаттың мәселесі еді, оны түсінген адам түсіне береді. Бұл жерде қазақ мүлде жоқ болатын. Қазір Қазақстанның ең қазақи қаласы — Нұр-Сұлтан қаласы болды», — деді Қазақстанның тұңғыш президенті. Елбасы таяуда конференция өтіп, сонда отыз жылда елдің қандай жетістіктерге қол жеткізгені жайлы талқылау болғанын еске салды. «Елдің сенімін арқалап, осы жылдардың ішінде 100 жылға татитын шаруаны атқардық. Менің серіктестеріммен, замандастарыммен бірге, оның барлығы елге мәлім. Мысалы осы жылдардың ішінде ең негізгісі экономика, экономика өспесе, оның рөлі үлкен болмаса, мемлекеттің қалтасында қаржы болмайды, қаржы болмаса зейнетақыға да, жалақыға да төлейтін мүмкіндік болмайды. Сондықтан, айта кетейік, осы жылдардың ішінде экономикамыз жиырма ретке жақын өсті. Осы жылдардың ішінде екі мыңға жуық ауруханалар мен емханалар салынды. Бір жарым мыңнан артық мектеп салынды. Мыңға тарта балабақша салынды. Осының барлығы халықтың жағдайы, әл-ауқаты. Осындай қамқорлықтың арқасында, елдің гүлденуі арқасында қазақстандықтардың орташа жасы 67 жастан 73 жасқа асып кетті. Одан да жоғары барып, сексен жасқа кетеді деп ойлаймын. Мұндай жағдай бізде қашан болған еді? Ешқашан болған жоқ», — дейді ол. Сондай-ақ, Елбасы халықтың саны өзгергенін сөз етті. «Мысалы, 1991 жылы мен Тәуелсіздікті жариялар кезде парламентте жоғары кеңестің депутаттарының ішінде қазақтың саны 44 процент болатын. Қазақстанда да солай болатын. Бүгін болса қазақтың саны Қазақстанда 70 процентке жетіп қалды. Бұл деген үлкен табыс біз үшін. Совет одағы құлады, ел не істерін білмей қалды. Осы жерде боламыз ба, болмаймыз ба, қазақ тілділердің болашағы жоқ екен деп жан-жаққа көшкен кезде халқымыздың саны 14 миллионға төмендеп кетті. Ал қазір, құдайға шүкір, 18 миллионнан асып жығыламыз. Оның 70 проценті өзіміздің қазақ», — деді Елбасы.
    Tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.