Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев әлемдік спорт додаларында топ жарған спортшылармен кездесті
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев әлемдік спорт додаларында топ жарған спортшылармен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.10.2019291 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Екатеринбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының және Ақтөбе қаласында өткен ұлттық спорт түрлері сайысының жеңімпаздары мен олардың бапкерлерімен жүздесіп, оларды жеңістерімен құттықтады. Аймақ басшысы Түркістан облысының ғана емес, күллі қазақ елінің намысын қорғап, көк байрағымызды желбіретіп жүрген жас чемпиондар, бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев, жамбы атудан әлем чемпионы Ералхан Айкөз және самбодан бес дүркін Азия жеңімпазы Айжан Жылқыбаеваға сый – құрмет көрсетті.  Сондай  — ақ облысымызда спортты дамытуда алда үлкен жоспарлардың бар екендігін де атап өтті.

     «Спорт саласына барынша қолдау көрсетеміз. Қазақ халқының даңқын асқақтатуда атқарып жүрген тынымсыз еңбектеріңізді өз басым жақсы білемін, түсінемін. Жастарды жаппай спортқа баулуды қолға алу керек. Бұл мақсатта өңірде Олимпиадалық резервтегі мектеп, стадион, теннис алаңы мен ипподром құрылысы қолға алынады. Қазақстан спортының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан жанашыр азаматтардың еңбектері орасан», —  деді Өмірзақ Шөкеев.

    Спорт шеберлері де облыс әкімінің қолдауына ризашылықтарын білдіріп, Ақтөбе қаласында өткен ұлттық спорт түрлерінен сайысында топ жарып, жеңіп алған бас жүлде — кубокты тарту етті. Биыл төртжылдықтың басты спорт додасы — Токио олимпиадасының лицензиялық турнирлері өтетін жауапты жыл. 2020 жылы кезекті жазғы олимпиада ойындарының алауы Жапонияның астанасында алауы жанады. Өмірзақ Естайұлы спортшыларымызға  сол халықаралық турнирлерде ақ жол тіледі.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.