Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: АРЫСТЫҢ ДАМУЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛҒАН СОҢ ДА ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: АРЫСТЫҢ ДАМУЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛҒАН СОҢ ДА ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.10.2019445 Views

    Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткен апталық аппараттық мәжілісте қадап айтты. Арыс қаласындағы экономикалық-әлеуметтік даму жұмыстары жаңа қарқында жалғасын таппақ.

    Отырыста Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жол, кәріз жүйесі және құрылыстың құжаттандыруы жайлы соңғы мәліметтер талқыланды. Жиында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері құжаттарды толық рәсімдеп, орталыққа тапсыру жағын кешіктіріп жатқаны жайлы айтылды. Облыс басшысы бұл мәселені жылдамырақ шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Ақтөбе секторына қарайтын бірнеше үйдің қайта сараптаудан өткені белгілі болды. Нәтижесінде олар толық сүріліп, жаңадан соғылады. Құрылысты облыс өз қолына алды. Жарылыстан 8 мыңнан астам тұрғын үйдің 7634-і зақымданған болса, зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұруға жарамсыз деп танылған 474 үй қайта басынан салынуда. Қазіргі таңда 330 үйдің құрылысы аяқталды. Толық сүріліп тастап, қайта көтерілген 144 үйдің құрылысы да аяқталуға таяды. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаладағы инфрақұрылымды реттеу барысында Арыс қаласының кәріз жүйелері толық жөндеуден өтіп, автоматтандырылды. Арыс жылыту маусымына да толық дайын. Зақым келген Арыс көшелері де жөндеуден өтті. 16 көшенің аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ аппарат мәжілісінде облыстағы мал және өсімдік шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы жайлы баяндама жасалды. Өмірзақ Естайұлы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің импортына және мал бордақылау алаңдарындағы барлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауды тапсырды. Мал ауруларының алдын алу және емдеу мақсатында ҚР АШМ-ң ветеринарлық қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясымен бірлесіп облыстық ветеринарлық қызметін жұмылдыру және күшейтуді тапсырды. Аймақ басшысы азық-түлік өнімдерінің сақтаудың маңыздылығын да атап өтті.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.