Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына іс-сапармен барды
    Айғақ MEDIA

    Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына іс-сапармен барды

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.2019251 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы ең алдымен  ауданындағы «Отан Ана» шаруа қожалығының дала жұмыстарымен танысты. Мұндағы диқандар жоңышқа, дәнді жүгері, қарбыз және басқа да көкөністерді егумен айналысады. Достық ауылында орналасқан шаруа қожалығы 73,9 гектар алқапта орналасқан. Шаруалар соңғы жылдары кеңінен қолданатын тамшылап суару әдісінің тиімділігін көруде.

    Соның арқасында, табыс көлемінің де артып отырғанын айтады. Алдағы уақытта, шаруалар жылына 3 рет өнім жинауды жоспарлауда. «Табыстың ұлғайғаны жақсы. Бірақ көлемін арттырып алғанға дейін сақтайтын жерді де ойластырған жөн. Қойма санын көбейту керек», деді Өмірзақ Естайұлы шаруа қожалықтарының иелеріне. Биылғы жылдың тамыз айындағы көрсеткіш бойынша, жалпы Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 8028 млн. теңгені құраған. Облыс басшысы Мақтаарал ауданын дамыту мақсатында іске асырылып жатқан жобалардың жүзеге асырылуын да тексерді. Ауданды көріктендіру мен абаттандыру жұмыстары да басты назарда. Мырзакент кентіндегі орталық саябақта, Даңқ гүлзарында қайта жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр.

    Орталық «Мәдениет үйі» күрделі жөндеуден өтуде. Өмірзақ Естайұлы құрылыс жұмыстары барысында канализация мен газ құбырын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Бұдан кейін аймақ басшысы шитті мақтаны тасымалдауға арналған «2ПТСХ-10-45» модельді трактор тіркемесінің өндірісінде болды. Өндіріс орны автотұрақ, әкімшілік ғимараты, таразы және қойма, техникалық қызмет көрсету орталығы мен қосалқы бөлшектер қоймасымен жабдықталған.

                                                             Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.