• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкентте жыл соңына дейін 3500-нан астам үй пайдалануға беріледі

12.09.2019
0

Шымкент қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 39 170 азамат тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артып отыр (2018 жылдың бірінші жарты жылдығында тұрғын үй кезегінде – 34 100 адам тіркелген). Оның ішінде санат бойынша:

  •  1639 азамат жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  •  12 285 азамат халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;

  •  21 066 азамат мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер;

  • 24 адам жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Сондай-ақ, бүгінгі күні, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатында тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар есебінің бөлек тізімі шығарылып, 4152 мұқтаж адамдарды құрады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы 1152 отбасы арендалық (коммуналдық) тұрғын үйге қол жеткізді.

Ағымдағы жылы «Shymkent City» қалашығында орналасқан 10 көпқабатты 540 пәтерлі арендалық (коммуналдық) тұрғын үй пайдалануына тапсырылып, 177 пәтері көпбалалы отбасыларға, 108 пәтері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 255 пәтері әлеуметтік әлсіз топ санаттарындағы азаматтардың пайдалануына берілді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 8602,3 млн. теңгені құрайтын 866 өтінім қабылданып, 4944,5 млн. теңгеге 487 өтінім қанағаттандырылды.

Қазіргі таңда, бағдарламаға сәйкес 246 пәтерлі 3 кредиттік тұрғын үйді сату жұмыстары жүргізілуде.

«2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкент қаласына шамамен (болжамды) 3 414 млн.теңге сомасына 410 кредит мөлшерінде қарыз көлемінің лимитін бөлді.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап 17 тамызына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан бағдарламаның параметрлеріне сәйкес келетін 1010 азаматтан өтінім қабылданды.

Қазіргі таңға бұл бағдарлама бойынша 691 отбасына жолдама беріліп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің мәліметтеріне сәйкес, банкте жалпы сомасы 4001,6 млн. теңгені құрайтын 302 азаматтың құжаттарымен төлем қабілеттілігін растау жұмыстары жүргізілуде, 2428,9 млн. теңге сомасына 184 несие мақұлданды, оның ішінде санаттар бойынша:

  •  көп балалы отбасыларға 75 несие – 1036,3 млн. теңге сомасына;

  •  толық емес отбасылар 84 несие – 1035,9 млн. теңге сомасына;

  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар 25 несие – 356,7 млн. теңге сомасына.

Бүгінгі күнге бұл бағдарлама бойынша 16 азамат 217,0 млн. теңгені құрайтын қаржыға екінші нарықтағы тұрғын үйлермен қамтылған.

Бағдарламаны тұрақты түрде тұрғындарға түсіндіру мақсатында «Ақпараттандыру орталығы» ашылып, онда екінші деңгейлі банк пен құрылыс компанияларының, «Баспана» Ипотекалық ұйымының өкілдері «7-20-25» және «2-10-20» бағдарламаларына қатысты сауалдар бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, пәтер бағасының алғашқы жарнасына (1 млн. теңгеден аспайтын сомаға) тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау бойынша мәслихатпен сертификат мөлшері мен оны алатын азаматтар санаты айқындалған.

Жалпы, жыл соңына дейін қаламызда 828 пәтерлі 14 арендалық (коммуналдық) тұрғын үй, Нұрсат тұрғын алабында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, «Шымкент» ӘКК-сы арқылы 1016 пәтерлі 24 кредиттік тұрғын үй, 70 пәтерлі 2 жатақхана және жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 1293 пәтерлі 26 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында қаламызда бекітілген кестеге сәйкес 2011-2020 жж. аралығында – 947 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс болса, бүгінгі күнге дейін соның – 152-і күрделі жөндеуден өткен.

2019 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.