Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді
    Айғақ MEDIA

    Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.09.2019428 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың қысқа уақыт ішінде Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды жылдам қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында қалада жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді, сондай-ақ Түркістан қаласының әкімшілік, тарихи-мәдени, әлеуметтік маңыздағы нысандарының құрылыс алаңдарын көрді.

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша, Арыс қаласында жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталды. Нысандарда 134 құрылыс компаниясы, 3,8 мыңнан астам жұмысшы жұмыс істеуде және 211 арнайы техника тартылған.

    Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі – толықтай қалпына келтіруді талап етті. Бүгінде 62 нысанда жұмыстар аяқталды.

    ҚР Үкіметінің «Арыс-1» темір жол вокзалының жөндеуден өткен ғимараты мен оның алдындағы скверді аралап көрді, «Арыс минералды су» қалпына келтірілген кәсіпорнына барды, Арыс қаласында үйлері толығымен қиратылған 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданның құрылысы барысымен танысты. Барлық үйлер аяқталу сатысында тұр, ішкі әрлеу жұмыстары және үй жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асқар Мамин Арыс қаласындағы қайта салынған жеке үйлерге кіріп, олардың тұрғындарымен әңгімелесті.

    Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі болашақ халықаралық әуежайдың құрылыс алаңында болды. Жоба түріктің YDA Holding компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды. Нысанды келесі жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.

    ҚР Үкіметінің басшысына әкімшілік, әлеуметтік, тарихи және мәдени маңыздағы нысандар құрылысының барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин әкімдік, медиа орталық, конгресс-холл ғимараттарын, «Нұр-Сұлтан» алаңын, Тұңғыш Президент саябағы, Олимпиадалық резервтің спорт мектебін, музыка мектебін, бассейні бар мектеп сарайын, неке сарайын, халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын, сонымен қатар аттракциондары бар қалалық саябақты, музыкалық фонтанды, амфитеатр, салынып жатқан тарихи-мәдени орталықтың, келу орталығының, Шығыс моншасының, қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарын аралады.

    Жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметінің басшысына Түркістан қаласын салудың Бас жоспары көрсетіліп, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.