Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Алаштың ардақтысына арналған шара
    Айғақ MEDIA

    Алаштың ардақтысына арналған шара

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.09.20191 036 Views

    Алты алаштың ардақтысы Сұлтанбек Қожановтың атындағы музейдің ұйымдастыруымен қайраткердің туғанына 125 жыл толуына орай аудан орталығы Шолаққорған ауылында ауқымды шара өтті. Шараға облыс орталығынан келген қонақтар, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, аудан ардагерлері, мектеп басшылары, мұғалімдер, оқушылар қатысты.

    Шара С.Қожанов атындағы музейдегі мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткішіне А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын мен Созақ ауданының құрметті азаматы Пардабек Сақтапбергенұлы бастаған топтың гүл-шоқтарын қоюымен басталды. Тәуелсіздік саябағында жалғасқан шара басында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп ұжымы мен оқушылары дайындаған театрландырылған көріністер тамашаланды.

    Сұлтанбектанушы Мақсат Қарғабай, алаштанушы Хазретәлі Тұрсын баяндамалар жасап, Сұлтанбек Қожанұлының өмірі мен қызметі туралы тың деректерден хабардар етсе, Қазақстан Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші-композитор Сауранбек Елеуов Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Түркістан» әнін орындады. Шараны музей директоры Ниязәлі Дүйсенбек қорытындылап, бүгінгі жиынды өткізуге белсене атсалысқан азаматтарды, оқушыларды «Алғыс хаттармен» марапаттады. Ақсүмбе ақсұңқарының 125 жылдық мерейтойына «Мыңжылқы» мәдениет сарайының, А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебінің өнерпаздары, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылар хоры сүйемелдеу жүргізді.

    Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.