• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Әскерилер, дәрігерлер мен еріктілер: Президент Арысты қалпына келтіргендерді марапаттады

06.09.2019
0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстан кейінгі Арыс қаласын қалпына келтіруге қатысқан әскерилерге, дәрігерлерге, тәрбиешілер мен еріктілерге мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарылыста еңбек еткен әскерилер, еріктілер, балабақша қызметкерлері (жалпы 40 адам) ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен, медицина қызметкерлері – «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Арыстағы трагедия жергілікті мыңдаған отбасын бір сәтте баспанасыз қалдырды. Әскери оқ-дәрілердің жарылысынан ғимараттар мен үйлердің 90% нұқсан келді. Әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің шапшаңдығы мен батылдығы алғашқы минуттарда-ақ халықты эвакуациялауға мүмкіндік берді. Сол сәтте жаңа жарылыс қаупінен қорықпаған батырлар арамызда отыр», — деді Президент.

Мысал ретінде Президент аға сержант Нұржан Бақтыбаевты атап өтті.  Оның өрт салдарын жоюдағы табандылығы адамдарды жаңа қауіп-қатерден сақтап қалды.

«Енді бізге осындай ондаған оқиға белгілі. Жігіттердің әрқайсысы батырлық, беріктік пен ерлік көрсетті. Сол күні Арысқа ұшып барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, оқиғаның ауқымын өз көзіммен көрдім. Жауапты құрылымдарға халықты уақытша жайғастыруға, тез арада құрылысты бастауға тапсырма бердім. Оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Арысты бүкіл ел болып қалпына келтірдік. Қазақстанның әрбір азаматы өз үлесін қосты. Тұрғындар, кәсіпкерлер, еріктілер Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналды», — деді ол.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Арысқа барған еріктілерді «Құрмет» орденімен марапаттады.

«Қарағандылық Евгений Хисметов жүздеген еріктілермен бірге 50 күн гуманитарлық көмек таратудан бастап, құрылыс жұмыстарына қатысты. Қаланы қалпына келтіруге айрықша үлес қосты. Кәсіпкер Берік Қаниевтің жеке қаражатына қала көшелері жөнделді. Мұндай патриоттық үлгісі өте көп. Осындай жарқын мысалдар мен өзара көмек арқылы жастарды тәрбиелеуіміз керек», — деді Қ. Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Арысты қалпына келтіруге 10 мың адам, 250 компания және 300-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта нысандардың 97% жөндеу жұмыстары аяқталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

Previous Post

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Next Post

Назарбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге келді

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.