Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрі — үшінші мегаполисте
    Әлеумет

    ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрі — үшінші мегаполисте

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.08.2019Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үшінші мегаполис тұрғындары мен қонақтары Түркі кеңесінің 10 жылдығына орай ұсынылған ТҮРКСОЙ жастар камералық оркестрінің концертін тамалашады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Шымкент қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған концертте түркі халықтарының белгілі композиторларының шығармалары орындалды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

     

    Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда өткен кеште отандық және шетелдік өнерпаздар өнер көрсетті. Оның ішінде Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ренат Салаватов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Анвар Акбаров, Әзірбайжан елінен келген халықаралық байқаулардың лауреаты Мұстафа Мехмендаров оркестрге дирижерлік жасады.

    Бүгінге дейін құрамында 10 елдің 100-ден астам талантты жастары өнер көрсеткен оркестр бұл жолы танымал композиторлардың шығармаларын ғана емес, жастардың да туындыларын көпшілікке ұсынды. Атап айтсақ, оркестр құрамындағы өнерпаз Біржан Мыңбаевтың «Илигай» тақырыбындағы орындауы көптің көңілінен шығып, қошеметке ие болды. Жастардың өнері тыңдармандарды ерекше тебірентті.

    Кеш соңында жас өнерпаздарға қала әкімі Ерлан Айтахановтың ықылас гүлі табысталды. Өз кезегінде «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Алматыдағы өкілі Асқар Тұрғанбаев Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлұлына аталған ұйымның Алғыс хатын табыс етті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.