Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттары тегін рәсімделуде
    Айғақ MEDIA

    Жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттары тегін рәсімделуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.08.2019196 Views

       Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үйжайлары төтенше жағдай кезінде жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

    Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, маусым айының соңында болған жарылыс салдарынан бұзылған және зақым келген ғимараттарды жаппай қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Арыс қаласында жер кадастры және жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтер көлемі күрт өскен. Қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие болып отырған осы қызметтер мемлекеттік корпорация тарапынан тегін көрсетілуде.
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында Арыс қалалық бөлімшесіне Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан және Түркістан облысының аудандық бөлімдерінен 25 қызметкерді көмекке жұмылдырды.

    Шілде айының басынан корпорация өз есебінен ақысыз негізде 858 техникалық төлқұжат, 3328 меншік иесі туралы мәлімет, 476 жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаттарын және құқық белгілейтін құжаттың мұрағаттық көшірмесін беріп, жылжымайтын мүлік дерекқорындағы қателерді түзету жұмысы бойынша 799 тұрғынға қызмет көрсетті. Ал жалпы есепті мерзімде (24 маусым – 12 тамыз) Арыс қалалық бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 мыңға жетті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.