Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда ағаштардың кесілгеніне байланысты үкімет пен әкімдікке шұғыл шара қабылдауды тапсырды.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісінде жазды.
«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс», — деп жазды Президент.