Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы «Ардагерлерді ардактайық» жобасы аясында акция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат».
Акция Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген, Тылда еңбек еткен ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі Ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіп, бүгінгі қоғамға сай қолайлы өмір сүруіне талпыныс жасауға ықпал ету мақсатында өткізілді.
Шара барысында партия ұжымы медицина өкілдерімен бірге ардагерлердің шаңырақтарын аралап, медициналық тексеруден өткізіп, қал-жағдайын зерттеп, үй шаруасына жардемдесті.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында 60 Ұлы Отан соғысы ардагері болса, 9509 тыл ардагерлері бар.