Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақ жерінен тағы бір тайқазан табылды
    Айғақ MEDIA

    Қазақ жерінен тағы бір тайқазан табылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.08.2019576 Views

    Алматы облысы Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылынан кездейсоқ олжа табылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы белгілі журналист, National Geographic Qazaqstan журналының жоба жетекшісі Мақсат Ясылбайұлы айтып берді. Мақсат Ясылбайұлының айтуынша, бұл тарихи жәдігерді Тоғызбұлақ ауылының шаруалары биыл жаз айының басында тауып алып, хабар берген. Артынша журналист ескерткіштің құндылығын анықтау мақсатында тарихшы-археологтармен кеңескен. «Тарихи маңызы зор екеніне көз жеткізген соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа хат жазып, зерттеу мәселесіне қолдау көрсетуді сұрадым. Президентіміз дереу комиссия құруға тапсырма беріп, бұл тарихи жәдігер «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына өткізілді. Қазанды табыстау рәсімі алаш зиялысы Қапез Байғабылұлының 123 жылдық мерейтойы салтанатында Тоғызбұлақ ауылында өтті. Қасым-Жомарт Кемелұлына және музейдің мамандарына, Досым Зікірияға ерекше алғыс айтқым келеді», — деді Мақсат Ясылбайұлы.

    Өз кезегінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының маманы Досым Зікірия қазанның өлшемдері жайлы айтып берді. «Қуыстағанға орналасқан қола қазанның бүйірі сыртқа шығыңқы, дөңес күйінде құйылған. Бүйірінде екі жағынан доға пішіндес, жұмыр тұтқалар сәл көлбеу бұрышпен орнатылған. Тұтқалардың бірі бүтін, қазанға орнатылған күйінде сақталса, екінші тұтқаның бір бөлшегі ғана табылды. Қазан табаны шұңқырлау. Қазанның ішкі және сыртқы бүйірлерінен құю кезінде пайда болған екі қалыптың түйіскен тұсынан жік көрінеді. Мұндай жік екі тұтқаның қазан бүйіріне жанасқан тұсынан және тағанның қазанның түбіне жанасқан тұсынан да байқалады. Ернеуі сыртқа қарай сәл қайырылып, көлбеулеу орналасқан. Әзірше болжам бойынша қазан тұтастай құйылған деп есептеліп отыр. Кейіннен бір бүйірінде жаңа ай тәріздес 19х13 сантиметр жарық пайда болған және ол екі тұстан (сырты мен ішінен) қоламен жамалған», — дейді музей маманы.

    Амал не, қазан қатты бүлінген, жоғарғы бөлігі бастапқы пішінін жоғалтқан. Маманның айтуынша, қазанның өлшемдері мынадай: қазанның биіктігі — 53 сантиметр, тереңдігі — 36 сантиметр, диаметрі — 55-58 сантиметр, ернеуінің ені — 3 сантиметр, ернеу қалыңдығы — 0,5-0,8 сантиметр, таған биіктігі (қиылған конус пішіндес қуыс таған) — 17 сантиметр, тағанның кеңейтілген төменгі бөлігі — 23,5 сантиметр, жіңішкеріп келетін жоғарғы тұсы — 15 сантиметр, таған қабырғасының қалыңдығы — 5-8 миллиметр, ал тұтқа (құлақ) өлшемі — 14 х 6 сантиметр. Салыстыра кетсек, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі тайқазанның салмағы — 2 тонна, сыйымдылығы — 3 мың литр, биіктігі -1,60 метр, диаметрі — 0,42 метр, тұғырының биіктігі — 0,54 метр, диаметрі — 0,607 метр.

    Айта кетейік, осыған ұқсас қуыс тағанды және әртүрлі өлшемдегі қазандар бүгінге дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан (1936, 1953, 1956 жылдары), Алматы қаласынан (1930, 1956, 1977, 1984 жылдары), Қырғызстаннан (1901, 1905, 1908 жылдары) табылған. Алайда, «Тоғызбұлақ қазаны» тәуелсіздік кезеңінде, Жетісудан алғаш рет табылып отыр және көлемі мен пішіні жағынан алдыңғы табылғандарға ұқсай бермейді. Сондай-ақ, музей мамандарының мәліметінше, бұл кездесейсоқ олжалардың бәрі де біздің заманымызға дейінгі V-III ғасырлар деп мерзімделеді. Осыған дейін қола қазандардың 80-ге жуық түрі табылса олардың арасында үш тағанды қазандардың үлесі басым, ал мұндай қуыс тағанды қазандардың үлесі аздау. «Осыған дейінгі қол жеткен археологиялық деректерге сүйене отырып қуыс тағанды қазандардың таралу аймағы Алматы облысы және Қырғызстанның Ыстықкөл аймағы, мүмкін ҚХР-ның Шыңжаң аймағы деп айта аламыз», — дейді музей қызметкерлері.

    tengrinews.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.