«Continental Logistics Shymkent» кешені туралы сіз не білесіз? Батыс Европа – Батыс Қытай жолына және әуежайға жақын орналасқан бұл орталыққа тікелей темір жол желісіде қарастырылған. 92 гектар аумақта орналасқан нысан тауарды жинау және сақтау үшін ашылған болатын. Яғни, кәсіпкерлер мен сауда нүктелері сатылымға шығатын дүниелерді өзге аймақтан осы жерге жеткізіп, сақтауға мүмкіндік бар. Мәселесі де жоқ емес. Сондықтан Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев Шымкент қаласының қарамағындағы кешенге барып, қызметкерлерімен әңгімелесті. 2017 жылы іске қосылған логистикалық орталықтың жұмысымен танысып, құрғақ және климаттық қоймаларды аралап шықты.
Тауарды кедендік рәсімдеуденде өткізетін нысан өте қолайлы жерде орналасқан. Тауарларды автокөлікпен де, теміржолмен де жеткізуге болады. Тәулік бойы жұмыс істейтін кешенде Мәжілісмен Әлтаев сан-түрлі сұрақтарға жауап берді.