Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Алтынбек Қайсағалиев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
    Әлеумет

    Алтынбек Қайсағалиев Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.07.2019410 Views
    Алтынбек Қайсағалиев елорда әкімінің орынбасары болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
    Астана әкімдігінің аппараттық кеңесінде Алтай Көлгінов жаңа кадрлық өзгерістер туралы айтты. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Турлубек қызметінен босатылды.
    Сондай-ақ, елорда әкімі Данияр Есинді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Бұдан бұрын ол Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының басшысы болды.
    Алтай Көлгінов Арман Турлубек пен Дарнияр Есинге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, елорданы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті. Қала әкімінің өкімімен Нұр-сұлтан Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
    Ол үлескерлер салынып бітпеген МЖК, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және қарды жинау мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақ оның қарауында коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болады.
    Алтынбек Қайсағалиев Еуразия ұлттық университетін бітірген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «құрылысшы» мамандығы бойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Бат университетінің Менеджмент, инновация және технологиялар саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі (Ұлыбритания).
    Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің консультанты, инспекторы, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі», Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, қала өнеркәсібі мәселелерімен айналысқан. Сонымен қатар, Орал қаласы әкімінің орынбасары. ТКШ, абаттандыру, сәулет және қала құрылысы мәселелеріне жетекшілік еткен. Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы болған.
    Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.