Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Бюджетке өзгерістер енгізілді
    Айғақ MEDIA

    Бюджетке өзгерістер енгізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.07.2019444 Views

    Түркістан қаласында халық қалаулыларының қатысуымен өтіп жатқан сессия барысында  «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2018 жылғы  12 желтоқсандағы №33/347-VІ Түркістан облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» облыстық мәслихаты шешімінің жобасы таныстырылды. Алдын ала тұрақты комиссия отырыстарында талқыланғандықтан, депутаттар күн тәртібіндегі бұл мәселені бірауыздан қолдады.

      «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/347-VІ Түркістан облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  облыстық мәслихат шешімінің жобасы «Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 106, 111 баптарына сәйкес қарауға ұсынылып отыр.

     ШЫҒЫСТАР 

    Жобада бюджеттің түзетілген көрсеткіштері көрсетілген (облыс мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі №37/379-VI шешімімен бекітілген Түркістан облысының басқару схемасына сәйкес, атауы өзгерген басқармалардың қаражатын ББС сәкестендіру бойынша облыстық бюджетке облыс әкімдігінің ағымдағы жылғы  24 маусымдағы №141 қаулысымен түзету енгізілген, тізім қосымша тіркеледі).

     

     «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету» функционалдық тобы бойынша шығындар 3 000 000 мың теңгеге ұлғаюда.

    Облыс әкімі аппаратының «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты Арыс қаласының бюджетіне 3 000 000 мың теңге бағытталуда, оның ішінде зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеуге 1 000 000 мың теңге, нысандарды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына 2 000 000 мың теңге.

     «Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығындар  707 995 мың теңгеге кемуде.

     «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттерi» бағдарламасы бойынша  707 995 мың теңге қысқартылуда.

      «Денсаулық сақтау» функционалдық тобы бойынша шығындар           200 000 мың теңгеге кемуде.

    «Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша  200 000 мың теңге қысқартылуда.

     «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобы бойынша шығындар 544 087  мың теңгеге ұлғаюда.

     «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша Түркістан қаласының бюджетіне саябақтар, скверлер және көшелерді көгалдандыруға қосымша 534 087 мың теңге бағытталуда.

    «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша Арыс қаласының бюджетіне 10 000 мың теңге қарастырылуда.

    «Көлік және коммуникация» функционалдық тобы бойынша шығындар 1 836 092 мың теңгегеге кемуде.

    «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге қаралған қаржылардан 1 313 000 мың теңге қысқарту жоспарлануда.

    «Көлік инфрақұрылымының басым жобаларын іске асыру» бағдарламасы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына қаралған қаржыдан 523 092 мың теңгені қысқарту жоспарлануда.

    «Басқалар» функционалдық тобы бойынша шығындар 300 000 мың теңгеге кемуде.

             Облыстың қаржы және мемлекеттік активтер  басқармасының «Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi» бағдарламасынан 300 000 мың теңге қысқартылуда.

    «Қаржы активтерін сатып алу» бөлігі бойынша шығындар 500 000 мың теңгеге кемуде.

    «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту» бағдарламасы бойынша Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін құру, 1000 га жер телімінде ауыл шаруашылығы дақылдарын жаңбырлатып суғару және машина тракторлық станция құру жобасын іске асыруға бағытталған қаржыдан 500 000 мың теңгесін қысқарту жоспарлануда.

    Сонымен қатар, сессия отырысы барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбішке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты тапсырылды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.