ҚР премьер — министрі Асқар Мамин, еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов
Арыс қалалық орталық ауруханасында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Арыстың бүгінгі жай-күйі туралы нақты ақпарат беру мақсатында арнайы келген делегация
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қазіргі таңда Арыстағы емхана науқастарды қабылдап жатқанын және 1 ай ішінде қалалық аурухана іске қосылатынын атап өтті.
Күрделі жөндеу жұмыстары барысында жоғары сапалы құрылыс материалдары пайдалануда. Аурухана есіктері Новосибирск қаласында шығарылған арнайы есіктер, түркиялық сапалы терезелер қойылады. Сондай- ақ, барлық лифтілер жаңартылатын болды.
-Арыс қалалық орталық ауруханасындағы медициналық қондырғыларды жаңарту 1-тамызға дейін жүзеге асатын болады. Бұл мәселеге қаражат бөлінді. Әрі қарай сатып алу жағы шешіледі, деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың нәтижесінде аудандық аурухананың жартылай зақымдануы орын алды. Атап айтқанда, жарылыс толқынынан емдеу мекемесінің терезелері сынған, аурухана шатыры мен ішкі және сыртқы есіктері мен баспалдақтарына зақым келген. Қазіргі уақытта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 4 шілдеден бастап жарылыстан зақымданған есік — терезелері ауыстырылып, шатыры жөнделіп, әрлеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары 1 ай ішінде аяқталады.
Сондай-ақ, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы тартылған метрологиялық компаниямен бірлесе отырып, медициналық және технологиялық жабдықтарды оның жұмыс істеу қабілетіне тексеру жүргізуде.

Нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шығыстар сметасы жасалып, мемлекеттік бюджеттен қаражат көзделеді.








2 комментария
Сәлеметсіз бе ! Арыс қаласындағы болған жағдай жүрегімізге қатты тиді. Менің ата анам Арыс қаласында тұрады. Ауруханадағы күрделі жөндеу жұмыстары көңілімізді қуантты. Алайда менің ата анам үйді жөндеу жұмыстарына көңілі толмады. Үй 60% жарамсыз. Қазіргі уақытта үйдің шатырын өздеріне алдыртып, қабырғаларын бұзып, өз қаражатарына кірпіш сатып алып адам жалдап істетіп жатыр. Секторға бөлініп үйді жөндеу жұмыстарына, материалдарына қамтамасыз етеміз дегені қайда? 1 ай көлемінде істеп береміз деп уәде бергені қайда? Сабыр түбі сары алтын деп шыламдылықпен қарайық болып қалар деген үмітпен күтуде. Сіздерден көмек менің ата анамның үйін тезірек жөндеу жұмыстары басталса. Жаздың қатты ыстығына далада жүре алмайды. Анамның қан қысымы жоғары. Қазір тек уайыммен жүр. Сіздерден өтініш осы мәселені қарауыңызды сұранамын.
Байланыс телефоныңызды қалдырыңыз.