Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шымкентте автобус паркі ашылды
    Әлеумет

    Шымкентте автобус паркі ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.06.2019604 Views

    Мегаполистің туған күніне орай бүгін Шымкентте автобус паркі ашылды. Бұл елдегі теңдессіз жоба. Мұнда ЖМС, сервистік орталық, автожуу қызметі бар. Жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған. Айта кетейік, Шымкентке Қазақстанда құрастырылған 300 жаңа автобус жеткізілді. Олар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Сондай-ақ, «Оңай» жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін орнату жоспарлануда. Автобустар катафорезді пайдалана отырып шанақты коррозияға қарсы өңдеуді қоса алғанда, автокөлікке қойылатын барлық техникалық стандарттарға және қазіргі талаптарға сәйкес келеді. Жолаушылардың жалпы сыйымдылығы 56 адам, автобус ұзындығы 8,5 метр.

    Айта кетейік, қазір қалада 27 көлік компаниясы жұмыс істейді. Күн сайын маршруттарға 1200 автобус пен шағын автобустар шығады, ал автопарктер қызметін 500 мыңнан астам жолаушы пайдаланады. Парктің жылжымалы құрамының 50%-дан астамы техникалық талаптарға сәйкес келмейді және пайдаланылғанына 10 жылдан астам уақыт өтіп кетті.

    «Қазіргі таңда Шымкентте 27 көлік компаниясы жолаушылар тасымалымен айналысады, олардың тек 14-і ғана өз автобустары, қалғаны жалгерлік автобустар. Тасымалдау қауіпсіздігі, автобустар паркін жаңарту, мәдениет деңгейі және қызмет көрсету сервисі сияқты маңызды аспектілер бұл компанияларда жоқтың қасы деуге болады. Шымкенттегі жолаушылар тасымалының негізгі мәселелері:
    * Жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі
    * Жүргізушілердің төмен мәдениеті мен сапасыз қызметі
    * Автобустарда жолаушыларды нормадан артық толтыру
    * Тасымалдау қауіпсіздігі
    * Маршруттар кестесін сақтамау
    * Маршрутқа тек қана қарбалас уақытта шығу
    * Тиімді емес маршруттарға қызмет көрсетпеу
    Электронды билеттеу жүйесін енгізу және муниципалдық автобус паркін пайдалануға беру қаладағы бірқатар маңызды проблемаларды шешуге мүмкіндік береді: мысалы, жол жүру ақысын көлеңкелі айналымнан шығару; ескірген қалалық автобустар паркін жаңарту; қалалық жолаушылар тасымалының сервисі мен қауіпсіздігк деңгейін арттыру; және қазіргі заманғы автобус паркінің өндірістік инфрақұрылымын құру», — деді «Shymkent» ӘКК АҚ Басқарма Төрағасы Рашид Аюпов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.