Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Шілікте желден қуат алатын шағын электр станциясы жобасының таныстырылымы өтті
    Әлеумет

    Шілікте желден қуат алатын шағын электр станциясы жобасының таныстырылымы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.05.2019463 Views

    Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың орын алуына әкеп соқтыратыны ақиқат. Соңғы жылдары елімізде де энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарап, мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Мұндай тиімді тың жаңалықтан ауданымызда шет қалғысы келмейді, деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


    Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді. Осыған орай бүгін Шілік ауыл округіндегі Әліп Қылышбаевтың шаруа қожалығында «Таза ауа» ЖШС-ның желден қуат алатын шағын электр станциясы жобасының таныстырылымы өтті. Аталмыш шараға ауыл әкімдері, шаруа қожалығының басшылары, кәсіпкерлер және аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.


    Көпшілікке баламалы энергия көзін өндіретін құрылғы жөнінде сөз еткен «Таза ауа» ЖШС-ның өкілдері тың жобаның күніне желдің қуатына байланысты 5 – тен 25КВт энергия көзін өндіретіндігін, шағын станция күтімді аса қажет етпейтіндігін аттап өтті.


    Жел электр құрылғысының жылжымалы да түрлері де бар екен. Бұл әсіресе электр желілері тартылмаған шалғайдағы шаруалар үшін өте тиімді. Жалпы көпшілікке таныстырылған баламалы энергия көзіне қажетті табиғи жел ауданымызда жетіп артылады. Елімізде жасалып жатқан шағын баламалы электр құрылғысының құны шамамен 3 млн теңгенің төңірегінде. Аталмыш жобаға қызығушылық танытқан отырарлық шаруалар мен кәсіпкерлер баламалы электр энергиясының қуаттылығы мен тиімділігі жайында сауалдарын қойып, мамандар тарпынан тұщымды жауаптар алды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.