• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ө.Шөкеев Қазақстандағы Ұлыбритания елшісімен кездесті

15.05.2019
0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Басқосуда туризм  мен өндіріс саласындағы әріптестік таныту жайы сөз болды, деп хабаралйды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

         Алдымен облыс басшысы жаңа облыс орталығының даму жоспарымен таныстырды.

         «Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жаңа Түркістан облысы құрылып, оның орталығы ретінде көне Түркістан қаласы болып бекітілді. Күллі Түркі халықтарының рухани түп қазығы саналатын Түркістанда ислам әлемінің жарқын тұлғасы Ясауи, сондай-ақ күллі қазақ халқының тұлғалары мәңгілік мекен тапқан. Кешегі Ұлы Жібек жолы, бүгінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа магистралі бойында орналасқан тарихи қаланың қазіргі таңда екінші өмірі басталды. Ясауи кесенесі туристер үшін «Рухани орталық» ретінде қайта жаңғыратын болады. Бұдан өзге, «Әкімшілік-іскерлік орталық» бой көтереді. Шаһардың әлемдік байланысын арттыру үшін теміржол, әуе қатынастары қарқынды дамиды. Алдағы жылы жаңа әуежай салынады. Болашақта Самарқанд – Бұқара – Түркістан туристік бағытын қалыптастыру жоспарланып отыр», – деді Өмірзақ Естайұлы.

         Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірге туризм саласынан бөлек, ауыл шаруашылығы, өндіріс саласына инвестиция салу тиімді әрі қолайлы екендігін жеткізді.

         Өз кезегінде Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффорд Түркістан қаласында Әмір Темір салдырған Ясауи кесенесі туристер үшін көнелігімен, тарихи бағасымен құнды екенін айтты.

«Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесі ЮНЕСКО сынды халықаралық ұйымның тізіміне енген Орта Азиядағы баға жетпес жауһарлардың бірі. Осының өзі әлем туристерін қызықтырады. Қазір туристер үшін көне заманнан бері сол қалпында сақталған жәдігерлер құнды. Алдағы уақытта туризм саласын дамытуда әріптестік орнайтынына сенімдімін», –  деді елші.

Кездесу соңында облыс әкімі шетелдік елшіні Түркістан қаласына жасаған алғашқы саяхатымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

30 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

30 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Бір отбасы баспана алу бақытын жеті жыл армандаса, енді бірі кезекті он бір жыл күтті. Шымкенттік 30 отбасы көптен күткен...

20 ШАҚЫРЫМДЫҚ ВЕЛОМАРАФОН

20 ШАҚЫРЫМДЫҚ ВЕЛОМАРАФОН

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға бағытталған веломарафон өтті. «Шымкент веломарафонына» 300-ге жуық спортшы қатысып, 20 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Бұқаралық шараның мақсаты...

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынға кәсіподақ мүшелері мен сала ардагерлері қатысып, еңбек адамдарының құқығын қорғау...

ҮНСІЗ ӘЛЕМНІҢ ӨЗ ҮНІ

ҮНСІЗ ӘЛЕМНІҢ ӨЗ ҮНІ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Үнсіздіктің де өз үні, қол қимылының да өз тілі бар. Шымкентте Халықаралық саңыраулар күніне орай «Қолмен әлемді естігім келеді» атты...

150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған 150 орындық жаңа оңалту орталығы ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынған нысан Бозарық шағынауданында 5,3...

ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН

ҚОЛА МЕДАЛМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ЧЕМПИОН

Айғақ медиа
05.11.2026
0

Боз кілемнен әлемдік додада Шымкенттік спортшы ел мерейін үстем етті. Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен 67 келі салмақта сынға түсіп қола...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.