Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлем»РФ композиторы Игорь Крутой Ержан Максимді өз академиясына оқуға шақырды
    Әлем

    РФ композиторы Игорь Крутой Ержан Максимді өз академиясына оқуға шақырды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.05.2019Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Ресейдің халық әртісі, композитор әрі продюсер Игорь Крутой қазақстандық жас әнші Ержан Максимге өзінің музыкалық академиясына оқуға түсіп, білімін шыңдауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    Бұл жайлы жас әнші Instagram-дағы өз парақшасында жазды.
    «Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой. Мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді, достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол», — деп жазды Ержан.
    Еске сала кетсек, кеше Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов жас әнші Ержан Максиммен кездескен болатын. Дипломатиялық өкілдіктен хабарлағандай, Ресейдегі Қазақстан елшілігінде өткен кездесу барысында қазақстандық жас әншінің шығармашылық жоспары талқыланды. Ержан «Голос. Дети» жобасына қатысқаннан кейін өмірінде қандай өзгеріс болғанын және алдағы уақытта немен айналысуды жоспарлап жүргенін айтты.
    Еске сала кетсек, өткен айда Ресейдің бірінші арнасындағы «Голос. Дети» конкурсында Ержан Максим екінші орын иеленген болатын.
    Әншінің анасы Гүлмира Әлібек оның елордада білім алғысы келетінін айтқан еді. «Министр қабылдау кезінде Ержанға «Шабыт» өнер академиясы жанынан грант бөлінетіндігін жеткізді. Енді 8 мамырда Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның қабылдауында болып, мәселені одан әрі талқылаймыз», — деген еді Гүлмира Әлібек.
    Игорь Крутой бұған дейін Димаш Құдайбергенмен тандемде өнер көрсетіп, қос елдің мақтанышы Ресей аудиториясын баурап алған болатын. Крутойдың сүйемелдеуімен Димаш «Любовь уставщих лебедей» әнін Мәскеудегі Кремль сарайында Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының қызметкерлері күніне арналған концертте шырқаған еді. Ал 8 сәуір күні жас талант Ресейдің Халық әртісі, әнші Алла Пугачеваның мерекелік кешінде ән айтты.

    Дереккөз: ҚазАқпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.