Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Ойыншық таңдай білесіз бе?
    Әлеумет

    Ойыншық таңдай білесіз бе?

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.04.20191 416 Views

    Елімізде соңғы кезде ойыншықтан улану оқиғасы жиі тіркелуде. Шетелден тасымалданатын ойыншықтардың құрамынан мөлшерден тыс улы химикаттар табылып, бала денсаулығы үшін қауіпті деп табылған болатын. Өз кезегінде мамандар ойыншық таңдарда абай болуды ескертеді.

    Бүгінгінің баласы шыбықты ат қылып мініп, асық ойнап алыспайды. Заман талабы болар, көк жәшікке телміріп, ұялы телефонға үңіліп, ойыншықтармен ғана ойнайды. Күндіз – түні жанынан тастамай, бір елі ажырамайтын балаңыздың ойыншықтарын таңдау, ұқыптылық пен жауапкершілікті талап ететінін білесіз бе? Сырттан келетін көздің жауын алатын ойыншықтар сізге де, кішкентай балаңызға да лезде ұнауы мүмкін. Бірақ кейбір ойыншықтар бала денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, өміріне де қауіп төндіреді. Сол себепті де ойыншықты сатып аларда үнемдеудің қажеті жоқ. Себебі бағасы тым төмен ойыншықтың сапасы да төмен екенін көрсетеді. Ал,  бала денсаулығы қымбат екенін естен шығармаңыз. Ойыншық таңдауда нені ескеру керек?

    «Ойыншық таңдау кезінде оның иісіне,түріне, боялуына мән беру керек. Оларда өткір, жағымсыз, бөтен иіс болмауы керек. Сатып аларда оны оңай тексеруге болады. Ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз, егер, сүлгіге немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмаған жөн. Одан басқа, ойыншықты ұстап көріңіз, онда майысу, үшкір қырлары мен қылаулары болмауы керек», — деді бұл туралы Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы.

    2012 жылдың 1 шілдесінен бастап Кеден Одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енген болатын. Ол бірыңғай кедендік айналысқа енгізілген ойыншықтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар жасөспірімдер мен балалар тұтынатын өнімдер  техникалық регламентке сәйкес расталып, сатылымға шығарылады. Алайда, сырттан заңсыз тасымалданатын ойыншықтар легі әлі де толастамай отыр. Соның салдарынан бүлдіршін өміріне қауіп төнген жайттар да аз емес. Сол себепті келеңсіз оқиғаның алдын алғыңыз келсе, ойыншық таңдауда сақ болыңыз!

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.