Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Нагата есебін шешкен түркістандық математик Түркістан қаласында өз мектебін ашады
    Бас ақпарат

    Нагата есебін шешкен түркістандық математик Түркістан қаласында өз мектебін ашады

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.03.2019213 Views

    Әйгілі Нагата есебін шешкен  белгілі математик Уалбай Өмірбаев Түркістан қаласында өз мектебін ашады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуде мәлім болды. Басқосуда өңір басшысы ҚР Мемлекеттік және Америка математика қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлықтарының иегері Уалбай Үтмаханбетұлына отандық ғалым ретінде әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

    «Экономика, өндіріс салалары математика ғылымымен тығыз байланыста дамиды. Ғалымдардың ғылыми жаңалықтарының арқасында өнім артады. Нагата, Кон сынды әйгілі математиктердің есебін шешкен өзіңіздей әлемге танымал ғалымдардың елден шығып, әлемге күллі Қазақстанды танытып жатқандығы бізді қуантады. Енді туған жерге ту тігіп, Түркістан облысында, оның ішінде Түркістан қаласында өз мектебіңізді қалыптастырып, ауылдан шыққан талантты балаларымызды қолдауымыз қажет», — деді Өмірзақ Естайұлы.

    Өз кезегінде сөз алған Уалбай Үтмаханбетұлы ұсынысқа қолдау білдіріп, алдағы уақытта өңір оқушыларына ұдайы интерактивті жүйемен математика сабағын жүргізетінін айтты. Сондай-ақ, ғалым Түркістан қаласынан арнайы жоғары математикалық мектеп ашуға ниетті екендігін жеткізді.

    Уалбай Өмірбаев – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. 1977-1982 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алған. Әлемдегі озық жоғары оқу орындарында дәріс оқып келеді. 1972 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жапон ғаламы М.Нагатаның есебін 2001 жылы, ағылшын математигі П.Конның есебін 2004 жылы шешті. Бүгінде АҚШ-та Детройт штатының Уейн унивеситетінде дәріс береді.

    Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.