Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік туристерге кеңес берді
    Бас ақпарат

    Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік туристерге кеңес берді

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.03.2019206 Views

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге алғаш рет келген шетелдік туристерге кеңес берді.

    Президент сұхбатының үзіндісін ҚР Президенті Телерадиокешені Facebook парақшасында жариялады.
    «Біріншіден, шетелдік қонақтарға біздің биік тауларымызды көруді ұсынар едім. Рюкзак асынып, кроссовки киіп, тауға кету керек. Әсіресе, жаз мезгілінде ерекше сұлу болады. Өзің жасыл төбеде тұрсаң, алдыңда қарлы шыңдар көрінеді. Қысқы уақытта таулардың жым-жырт тыныштығын көрер еді. Айнала аппақ қар, жарқыраған күн және жылы ауа райы. Сондай-ақ, қонақтар түнде тау ішінде жұлдыздардың қаншалықты жақын болатынын да көруі керек», — деді Президент журналист сұрағына берген жауабында.
    Екіншіден, Мемлекет басшысы шетелдік туристерге шеті мен шегі көрінбейтін даланы көруге кеңес берді.
    «Үшіншіден, киіз үйге кіріп, ұлттық тағамымыз — қазақша дайындалған етті жеп, қымызды ішіп көруі керек. Етті жеудің де өз жоралғысы бар. Үстелге отырғанда алдымен шәй береді, осылайша адам асқазанын дайындайды», — деді Н. Назарбаев.
    Президент қазақ даласы арқылы Қытай империясына барған италиялық саяхатшы Марко Полоның жазбалары жөнінде айтып берді.
    «Түнгі сағат 12-де қазақтар кешкі ас ішуге «жатты» дейді. Себебі, ол кезде биік үстелдер болған жоқ, дастархан басында жастықты шынтақтап жатып, тамақ жеген. Малды айдап әкеліп, сауып, жайғастырам дегенше сағат түнгі 12 болатын шығар. Өркениеттің барлық ауыртпалықтарынан алыс, нағыз өмір осы», — деп атап өтті Президент.
    Төртіншіден, Мемлекет басшысы туристерге атты ерттеп мініп, далада ат үстінде шабуды ұсынды.

    Еске сала кетейік, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының хабарлауынша, 2018 жылы Қазақстанға 8,5 миллионнан астам шетелдік туристер келген. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 10% көбірек.

    ҚазАқпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.