• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«Әдеби достық – мәңгі достық»

11.02.2019
0

Биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы. Осыған орай ұйымдастырылып жатқан игі істердің легі көңіл қуантады. Соның бірі Ташкенттің төріндегі Түркістан сарайында өтті.  Екі елдің әдеби достығын қаламына арқау еткен Мекембай Омаровтың 70 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш ұйымдастырылды.

Мекембай Омаров  Өзбекстан және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Өзбекстан Жазушылар Одағының  жанындағы Қазақ әдебиеті Кеңесінің төрағасы, ақын, жазушы, журналист, талай шәкірттің ардақты ұстазы. Екі елдің достығын жырмен жалғап жүрген талант иесінің туындылары оқырмандарының жүрек төрінен орын алып үлгерген. 35 жылын педагогтік салаға, ұстаздық қызметке арнап, шәкірттерге білім беруден жалықпаған ұлағатты ұстаз Мекембай Омарұлының «Әдеби достық – мәңгі достық» атты кешіне оқырмандары мен дос-жарандары, елге белгілі, өнерді бағалаған азаматтар жиналды. Залда ине шаншар орын болмады. Өзбекстан Қазақ Ұлттық мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстаннан, Қырғызстаннан арнайы қонақтар қатысты. Келгендер ыстық ықыласпен жүрек жарды жырларын арнап, жылы лебіздерін білдірді.

Мекембай Омарұлының бүгінге дейін оннан астам әдеби көркем туындылары оқырмандарына жол тарқан. Олар: «Махаббат», «Атамекен», «Тау­дай бол», «Төрткүл дүние», «Күн күлкісі», «Ай астын­дағы айналайындар» атты өлең жинақтары, «Ең тәтті алмалар» деген әңгіме­лер мен хикаяттары жарық көрген. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегенді жадына құйған ақын балалар әдебиетін жырмен байытқан. Ақынның бірқатар өлеңдері «Өзбек балалар әдебиеті анталогиясына» еніпті. Қаламы қарымды жазушы аудармашылықпен де айналысып келеді. Ол өзбек әдебиетінің үздік туындыларын қазақ жұртшылығына, қазақ әдебиетінің маржандарын өзбек ағайындарға кеңінен таныстыруда. Көрші елде қазақ әдеби ор­таның қа­лыптасуына ай­тарлықтай үлесін қосты. Құн­ды шығар­­ма­­лардың авторы халыққа қуаныш сыйлап, алғысқа бөленуде. Сондай-ақ Мекембай Омарұлы суырып­салма ақын ретінде де танымал. Көп­теген республикалық жә­не халықаралық ақын­дар айтысының жүлде­гері. Өз­бекстандағы қазақ ай­тысын қайта жандан­да­ру­шылардың бірі. «Ағамыздың айтыстарын бала күннен тыңдап өстім» деп Карима Оралова айтыскер ағасына ақ тілегін жырмен арнады.

Әдеби кештің соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Екі елдің жезтаңдайлары әннен шашу шашты. Қазақстанның халық әртісі Майра Ильясова, Роза Рымбаева, Нұрғали Нүсіпжанов және айтыскер ақын Карима Оралова  өнер көрсетті. Бала көңілді ақын қуаныштан көзіне жас алды. Ақынын ардақтап, қолда бар қазынансын бағалай білген халық, осылайша, ақын ұлынның төбесін көкке көтерді. Келгендер рухани күшке қанықты. Екі елдің әдебиетін байытқан, достығын дамытқан  жазушының 90-100 жылдығын тойлауды жазғай!

«Айғақ-ақпарат»

Previous Post

Шымкентте 3 бірдей басқарманың атауы өзгертілді

Next Post

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың филиалы Ташкентте ашылады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.