• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА 12 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

09.02.2019
0

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы мен алдағы тұрған міндеттері туралы берген есебі тыңдалды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен жергілікті жұрт қатысқан жиын әуелі аудан көлемінде өндірілген өнім түрлері қойылған көрмемен басталды. Онда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп орындарының озық тауарлары қойылды.

Жылдық есебінде аудан басшысы, ең бірінші, негізгі салалардағы жетістіктерге тоқталып өтті.

Төлеби ауданының бюджеті өткен жылы 16 млрд. 655 млн. теңгені құрап, оның 1 млрд. 131 млн. теңгесі өз кірістерінің есебінен толығып, жоспар 100,2 пайызға орындалған. Ал, жалпы өңірлік өнім 98 млрд. 858 млн. теңгеге жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 111,7 пайызды құрады. Бұл жан басына шаққанда 841 мың теңгеге тең.

«Жоспар артығымен орындалған бағыттың бірі — өнеркәсіп саласы. Атап айтсақ, бұл бағытта 32 млрд. 166 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,3 пайызды көрсетіпті. Оның ішінде, қайта өңдеу саласында 28 млрд. 360 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,5 пайызды құрап отыр. Былтыр өңідегі кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8211-ге жетсе, оның ішінде, 7594-і, яғни, 92,4 пайызы белсенді жұмыс жасауда. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқылы 12 238 азаматқа 6 млрд. 727 млн. теңгеге несие берілді. 2017 жылы 12 004 жеке азаматқа 5 млрд. 697 млн. теңге несие берілген. Бұл көрсеткішті 2017 жылмен салыстырсақ 18 пайызға артқанын байқауға болады. Одан бөлек, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 324 млн. теңгелік 6 жобаға инфроқұрылым тартылып, несиелері субсидияланып, гранттар берілді. Аудандағы кәсіпорындар тарапынан 14,3 млрд. теңгенің өнімі Өзбекстан, Тәжікстан және Қытай елдеріне экспортталды», — деді Б.Омарбеков.

Бұдан өзге, аудан әкімі Төлебидегі инвестиция тарту мәселесіне тоқталды. Мәліметінше, 2018 жылы ауданға 11 млрд. 999 млн. теңге инвестиция тартылған. Оның 4 млрд. 423 млн. теңгесі мемлекеттік, 7 млрд. 575 млн. теңгесі жеке меншік қаражат есебінен тартылған. Ал туризм бағытында өткен жылы 28 350 демалушы келіп, 2017 жылмен салыстырғанда 1640 демалушыға, немесе 6 пайызға көбейген. Оның 3501-і шетелдіктер болса, ішкі туризм есебінен 24 849 демалушы келген. Сондай-ақ, Б.Омарбеков ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, таза ауыз су, электр қуатымен қамту, көгілдір отын тарту сынды коммуналдық қажеттіліктер жайы сынды өзге де салалардағы жетістіктерді баян етті.

Келтірілген деректерді мұқият тыңдаған облыс әкімі географиялық жағдайы алма, жаңғақ көлемін ұлғайтуға өте қолайлы ауданның осы бағыттағы жұмыстарын  жандандыру қажеттігіне тоқталды.

«Мал шаруашылығында тері, жүн өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар ашу жұмыстары кенже қалып отыр. Бұл міндеттерді іске асыруда тиісті салалық басқармалармен бірлесіп белсенді жұмыстар атқару қажет. Елбасының Жолдауында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңделген өнімді экспорттау көлемін 2,5 есеге арттыру тапсырылған. Сондықтан да, ауданда көкөніс, бақша және жеміс, өнімдерін өңдейтін цехтарды ашуды қарастыруды тапсырамын. Төлеби ауданында әлі де жұмысты ширататын салалар баршылық», — деді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ, жиында облыс басшысы аудан тұрғындарын Түркістан қаласының даму жоспарымен таныстырды. Облыс орталығындағы алдағы уақытта бой көтеретін ғимараттардың жобасын көрсетті.

Басқосу соңында, таулы ауданның шетелдік һәм отандық туристерді тартуда әлеуеті жоғары екенін алға тартқан аймақ басшысы келген туристерге қолайлы жағдай жасап, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын іске асыруда тиісті салалық басқармалармен бірлесіп белсенді жұмыстар атқаруды аудан басшылығына жүктеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.