
Облыста нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48, 8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде. Жыл көлемінде қала кәсіпкерлерінің өз қаражаты есебінен жалпы құны 8 млрд. 241 млн. теңгені құрайды. 73 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 1726 жұмыс орындары ашылған.
2018 жылы жалпы көлемі 156 шақырымнан аса ауыз су құбырлары тартылып, 29 шақырымнан аса кәріз құбыры, 7 шақырым жылу жүйелері жаңартылған.
Қызылорда қаласына қарасты елдімекендерде ауыз су жүйелерін жүргізу 8 жобаға республикалық, облыстық бюджеттен 1 млрд. 102 млн теңге қаралып, 56,1 шақырым ауыз су құбырлары тартылды.
«Айғақ-ақпарат»
