Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысын қарау аясында жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндады.

Министрдің айтуынша, 2018 жылы гранттар саны 20 мыңға көбейтілді. Еліміздегі гранттардың жалпы жыл сайын бөлінетін саны 69 мыңға жетті: 53 мың студент – бакалавриатта, 13 мыңы – магистратурада, 2 мыңнан астам адам PhD бағдарламалары бойынша білім алып жатыр.

Е. Сағадиев барлық грант алушылардың 50%-ы техникалық мамандықтар бойынша (34 мың) білім алып жатқанын атап өтті. Олардың ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, киберқауіпсіздік, радиотехника және электроника секілді еңбек нарығы үшін маңызды бағыттар бар. «Серпін» бағдарламасы бойынша ауыл жастарына 5 мың грант қарастырылған. Гранттардың шамамен 20%-ы мұғалімдерді даярлауға, оның ішінде тілдік біліктілікті күшейтуге бағытталған.

Барлық жоғарғы оқу орындарында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша гранттар құны ұлттық ЖОО-лардағы гранттармен бірдей болып, 635 мың теңгені құрады. Осылайша, білім және ғылым министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының гранттарды бөлу және құнын арттыру туралы тапсырмасы толығымен орындалды.

Жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр.

Біріншіден, ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. 2019 жылғы қаңтар айында бірінші рет тестілеу өткізілді. Оған 35 мыңнан аса мектеп түлегі қатысты. Оларға ақпан айынан бастап ақылы оқу үшін жоғарғы оқу орындарына түсуге мүмкіндік берілді.

Екіншіден, «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бакалавриатқа ұқсас магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде. Білім беру грантын тағайындау үміткерлерге ЖОО таңдау мүмкіндігін бере отырып, кешенді тестілеу нәтижелерінің негізінде іске асырылады.

Бұған қоса, Е. Сағадиев Министрлік жатақханаларда жаңа орындарды беру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты. 2019 жылы 5000 орын беру көзделген.

«Бүгінде үш жарым ай ішінде бізге 11 144 орынға 20 өтініш келіп түсті, 6556 орынға 12 келісімшарт жасалды. Олардың көбісі салына бастады. Сонымен қатар, осы айдың соңына дейін 4588 орынға тағы 8 келісімшарт жасасуды жоспарлап отырмыз. Бұл – келесі жылы берілетін жобалар», — деді Е. Сағадиев.

ҚР білім және ғылым министрі осы жоба іске асырыла бастағаннан бері білім беру ұйымдары өз қаражаттары есебінен, осы мемлекеттік тапсырыс тетігін қолданбай 2780 орынға аррналған 10 нысанды енгізгенін атап өтті.

Жалпы, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың жаңа орындарды пайдалануға беру үшін барлық жағдай жасалған. 170 жер телімі анықталған. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 49-ын әкімдіктер бөлген. 27 ұйым жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірледі, 62-сі әзірлеп жатыр. Әзірленген және үлгілік ЖСҚ банкі құрылды, оны жобаның жаңа қатысушылары пайдалана алады.

107 жоба бойынша қаржыландыру көздері анықталды: 50 жоба — өз қаражаттары есебінен, 57-сін — инвесторлардың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

Тетікке қатысуға жеке секторды тарту мәселесі аса өзекті әрі ынталандырудың қосымша шараларын талап етеді. Атап айтқанда, ҚР БҒМ Бизнестің жол картасын 2025 жылға дейін ұзарту аясында құрылыс салушылардың несие мөлшерлемелерін субсидиялауды ұсынады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер телімдерін бөлу жұмысын жеделдету қажет.

«Жалпы алғанда, Мемлекет басшысының Үшінші бастамасы жоспарланған мерзім аясында жүзеге асырылып жатыр және оны тұрақты бақылауда ұстап отырмыз», — деп түйіндеді Е. Сағадиев.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Президент ведомствоның атқарған қызметі, салада жүргізілген реформалар және төтенше жағдайдың алдын алу, салдарын жою жөніндегі есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделдікті...