Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шарапхана ауылының атауын өзгерту туралы ұсыныс қаралуда
    Айғақ MEDIA

    Шарапхана ауылының атауын өзгерту туралы ұсыныс қаралуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.01.20192 358 Views

    Шарапхана атауы сізге қандай ой салады? Ішімдіктің балама сөзі «шарап» дегеннен шыққан ба? Әлде, тарихи мағынасын жете түсінбей жүрміз бе? Құлаққа түрпідей тиіп, ыстық ықыласты суытатын Шарапхана ауылының тұрғындары атауын өзгерту керек деп мәселе көтерді. Қазығұрт ауданына қарайтын бұл елді-мекен «әу» баста «Сарапхана» болған деседі. Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауыл неге Сарапхана деп аталды?

    9300 тұрғыны бар Шарапхана ауылдық округі Шымкент-Ташкент тас жолының бойында орналасқан. Ауылдың маңынан ерсілі-қарсылы ағып жатқан машиналар көп. Табиғи отын кірген, ауыз су келіп, жарық тартылған елді мекенді сырттай бақыласаңыз бақуатты, тірліктің қайнар көзі осында секілді. Тірлігі бар ауылдың тіршілігіне қызыққан біздер жақын барып, «Шарапхана» атауын өзгерткісі келіп жүрген тұрғындардың жайымен таныстық. «Шарапхана» деген ат елді-мекенге кеңес кезеңінен бұрын берілген. Қайта кеңес кезеңіндегілер бұл атауға ыңғайсызданып, «Қаратас» деп өзгертіпті. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін, сол Шарапхана атауы кері оралған. Даңғыл жолдың бойындағы елді-мекен бір кездері қала болған деседі. Бай-болыстар мен бектердің басын қосып, даулы мәселелерді шешетін орын болыпты. Ұлы Жібек жолындағы жолаушылар осында дамылдап, елдік мәселелерді сарапқа салған. Сондықтан, ертеде «Сарапхана» деп аталыпты. Алайда, «Сарапхана» атауы неліктен «Шарапхана» болып өзгеріп кеткендігін ешкім дөп басып айталмай жүр. Харамға жатқызылған шараптың насихатталып жүргеніне ақсақаладар ренжулі, ал жастар туған жерлерінің атауын айтуға ұялады екен.

    Ел ағалары ауылдың атауын «Сарапхана» деп өзгертуді қалайды. Мұндағы мақсат — ежелден қалыптасқан тарихын кейінгі ұрпаққа бұрмаламай, дұрыс жеткізу. Кең дала болған жерде жүзім өспеген, шарап зауыты болмаған. Бәлкім Шарапхана парсы тілінен дұрыс аударылмаған сөз болар. Қазіргі таңда атауын өзгерту үшін тұрғындар ұсыныс айтып, Түркістан облысының әкімі мақұлдап, облыстық мәсихат депутаттарының сессиясында тағы бір талқыланбақ.

    Елді мекендегі қарияларды сөзге тартып, көп сырды естідік. Бала кездерінде әке-шешелерінен естіген Сарапхана сөзінің түп тамырын түсіндіруге тырысты. Құлаққа жайсыз естілетін «Шарапхана атауын ауыстыру керек» деп болашаққа алаңдаған ақсақалдар ақыл айтты.

    Дәл осы елді-мекеннің маңындағы биік тұғырдың үстінде ел қамын жеген Салқам Жәңгір мен ерліктің өнегесін көрсеткен Жалаңтөс баһадүрдің еңселі ескерткіштері тұр. Түркістан облысында тарихы ежелден басталатын елді- мекен дәл осы Шарапхана деген де дерек бар. «Жақсы сөз — жарым ырыс» дейді. Ендеше, рухани тұрғыдан байытатын, көңілге қаяу түсірмей, мағынасы қуантатын атаулар берілсе құба-құп.

    Бағлан Байкөбекқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.