Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Дендрологиялық саябақтағы таңғы серуен
    Айғақ MEDIA

    Дендрологиялық саябақтағы таңғы серуен

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.01.20191 649 Views

    Бүгінде үшінші мегаполиске көрік беріп тұрған бірден бір орын ол дендрологиялық саябақ. Тарих беттерін парақтасақ, дендросаябақтың алғашқы іргетасының қалануы — 1979 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен қолға алынған. Тоқырау орнаған 90-шы жылдарда  күтімсіз қалған саябақ жабайы тоғайға айналған-ды.

    2009 жылы қайта жаңарған нысан Асқар Мырзахметовтың қолдауымен «Шымкент дендрологиялық саябағы» болып қайта құрылды. Бүгінде табиғаттың тамашасына айналған демалыс орнында жер жүзінің барлық континентінде кездесетін 500 мыңнан астам ағаш түрі бар. Оның ішінде көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия сынды ағаш түрлерін кездестіруге болады.

    Спорт — денсаулық кепілі. Әсіресе, таңғы жаттығудың адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Статистикалық мәліметке сүйенсек, жыл сайын дүние жүзінде 18 миллионға жуық адам жүрек ауруларының салдарынан көз жұмады екен. Ал Қазақстандағы  жүрек-қан-тамырлары ауруларынан қаза болатындардың саны ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Әрине, мұның алдын алудың бірден бір жолы — спортпен шұғылдану.

    Бүгінгі түсірілім барысында бір байқағанымыз спортпен шұғылданатындардың көбі 50 еңсерген ел ағалары. Әрине, жастар да жоқ емес. Тәуелсіз елдің тірегі жастар болғандықтан, дүниеге дені сау ұрпақ әкелу басты талап. Ол үшін жат қылықтарға бой алдырмай, спортпен шұғылдануды дағдыға айналдыру қажет.

    Теріс әдеттерге үйір болу, майлы тағамдарды көп пайдалану — түрлі дертке шалдығуға сеп болады. Мұның алдын алудың жолы таңғы жаттығу екендігі медицинада дәлелденген. Денсаулық — зор байлық. Сол байлықты кемітпей қалыпта қалдыру үшін теріс әрекеттерден арылып, спортты жанға серік ету керек.

    Мақсат Тоқсанбай

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.